бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Құрылыстағы механикалық оператор

Location Огайо, АҚШ

Секторлар Келісім

Мәселе

Көп қабатты ғимарат чиллерінің жоғары қысымын басқару

Огайо штатындағы 32 қабатты ғимараттың чиллерін жаңарту кезінде 29-шы қабаттағы қондырғы бұзылып қалды. Құрылыс менеджері бізді уақытша чиллермен қамтамасыз ету үшін шақырды. Басында бұл әдеттегі өтініш болып көрінді, алайда алаңды тексеру кезінде шатыр үстіндегі чиллер бірнеше ерекше қиындықтар тудырып отырғаны анықталды. Алаңның өлшемі, сұйықтықты жеткізу және шаршы дюймге 200 фунттан асатын жоғары қысым негізгі мәселелердің бірқатары ғана болды. Сонымен қатар, құбырлар үшінші қабатта және салқындату жүйесі бірінші қабатта орналасқан еді. Бұл қиындықтарды еңсеру үшін өнертапқыштық гидравликалық жүйе ойлап табу керек едік. 

Жобаның факттар файлы

1000 тонна

Жайлы салқындату қамтамасыз етілді

1600 фут

Болат құбырлар мен қысым құбыршектері

32 қабат

Ғимараттың биіктігі

4 ай

Уақытша жүйенің жұмыс уақыты

Шешім

Арнайы қысыммен басқарылатын салқындату жүйесі

Бірінші қабаттағы жоғары қысымды реттеу үшін біз қысымды жүйеге сәйкестендіретін арнайы жобаланған салқындатуды әзірледік. Біз салқындату жүйесіне кіретін қысымды төмендетіп, оны чиллерден шығып, ғимаратқа кіретін жерінде жоғарылаттық.

Гибридтік жүйе жабдықтар мен жеткізілу нүктесіне дейінгі арақашықты қамтитын 1600 фут болат құбырлар мен қысым құбыршектерімен қатар сумен салқындатылған чиллерлер, салқындатқыш мұнара, салқындатылған су сорғылары мен генератордан құралды. Ол 29-шы қабатқа және бүкіл ғимаратқа 1000 тонна жайлы салқындатуды жеткізді.

Aggreko ерекшелігі

Күрделі салқындату мәселелерін шешуге арналған сараптама және жабдықтар.

Әсер

4 айлық жаңарту кезіндегі сенімді салқындату

Біздің шешім логистика және жобаның шығындары жағынан айқын артықшылық әкелді. Клиентпен бірлесіп жұмыс жасай отырып, біздің мамандар не қажет екенін анықтау үшін жағдайды тез бағалады. Бұл басқа мердігерді жалдауға жол бермей, шығындарды азайтып, жаңартуды ертерек бастауға мүмкіндік берді.

Біздің клиент салқындатқыш жүйемізге толықтай сенім артып, келесі төрт айға жоспарланған жаңартуға кірісіп кетті. Арнайы дайындалған қондырғы ыстық жаз айларында көп қабатты ғимараттың тұрғындарын салқындатумен қамтамасыз етті.

«Бізге көп қабатты ғимараттың ерекше мәселелерін шешетін өнертапқыштық жоспар ойлап табуға тура келді, дәл осындай кездерде біздің сарапшылардың шешімдері шын мәнінде құндылық арттырады.»

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз