бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Har-Con Mechanical Contractors

Location Хьюстон, АҚШ

Секторлар Келісім

Мәселе

Үлкен қойманы климаты басқарылатын өнер студиясына айналдыру 

Хьюстондағы Бейнелеу Өнер мұражайы (MFAH) дүние жүзіне әйгілі қытайлық суретші Кай Гуо Цзянды қалаға алып келгенде, суретшінің жұмысын аяқтау үшін үлкен кеңістік қажет болды. Гуо Цзян басқа суретшілер сияқты емес - ол өнер туындыларын оқдәріні жалындатудың көмегімен жасайды.

MFAH бос тұрған 25000 шаршы футтық қойма тауып, оны суретші студиясына айналдыруға кірісті. Пайдаланылатын материалдардың  нәзіктігіне және суретшінің жұмыс жасап жатқанын жүздеген волонтерлер мен көрермендердің көретіндігіне байланысты қойма ішіндегі климат және ауа сапасы мінсіз болу керек еді. MFAH-тың бас мердігері Har-Con Mechanical Contractors бізден көмек сұрады.

Жобаның факттар файлы

25000 шаршы фут

Қойманың көлемі

50-55 %

Қойманың ішіндегі ылғалдылық

68-76°F (20-24 °C)

Қойманың ішіндегі температура

162 x 10 фут

Өнер туындысының көлемі

Шешім

Салқындату және ауа ағынының дұрыс балансы 

 Қойманы суретшінің келуіне дайындап қою үшін бізде бірнеше апта болды. Бұл жерде екі негізгі мәселе болды. Біріншісі? Ылғалдылықты барынша төмен күйінде ұстап тұру. Хьюстонда орташа ылғалдылық 78 пайыз болғандықтан суретші қолданатын нәзік күріш қағазы осы дымқыл ауада солып қалатын еді. Екіншісі? Өнер туындысына кішкене болса да самал тигізбеу үшін климаты басқарылатын ауаны мұқият айналдыру.

Мақсатқа жеткенімізге сенімді болу үшін ылғалдықты тексеру мен басқару үшін гигрометрді, ал желдің жылдамдығын тексеру және басқару үшін анемометрді қолдандық. Барлық климатты басқару жабдығы сыртта орнатылып, ауа икемді каналдар арқылы ішке тартылып тұрды.

Aggreko ерекшелігі

Біз клиенттеріміз өнерлеріне басты көңіл аударуға көмектесетін өз өнерімізді білеміз.

Әсер

Өнер туындысы жарылыс арқылы жанады 

Кай Гуо Цзянь өзінің туындыларын ауа ағыны немесе ылғалдықтың нәзік материалдарына тигізуі мүмкін жағымсыз әсерлері туралы алаңдаусыз жасады. Және көптеген көрермендер соңғы жарылыстың кезінде туындының түтінге айналғанын оқдәріден шыққан газдар мен эмиссиямен тыныс алу туралы алаңдамай көре алды.

Бұл керемет оқиға болды. Және де қазіргі күнде Гуо Цзянның ұзындығы 162 фут және биіктігі 10 фут ең үлкен өнер туындыларының бірі MFAH-тың Тин Тсунг және Вей Фонг Чао атындағы Қытай Өнерлері галереясының қабырғаларында бәрінің ләззаты үшін ілініп тұр.

«Температура және ылғалдылықтың дұрыс деңгейлері болмаған жағдайда суретшінің материалдарына нұқсан келуі мүмкін еді. Біз сәтті іс-шараны өткізуге Аggreko-мен бірге жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз.»

Дикки Ньюберри Президент ,
Har-Con Mechanical Contractors

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз