бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Bolesworth International

Location Чешир, Ұлыбритания

Секторлар Іс-шаралар

Мәселе

Элиталық іс-шарада назардан тыс қуатты қамтамасыз ету

Bolesworth International Ұлыбританиядағы ең маңызды ат спорт жарыстарының бірі болып табылады. Осы элиталық деңгейге жеткенде, іс-шаралар аса ерекше болады. Онда сауда тұрақтары, қоғамдық тамақтану нысандары, лагерьлер, қонақтарға арналған шатырлар, тіпті сенбілік түнгі концерт орын алады. Осының бәрімен қатар, жарықтандыру мұнаралары, түсініктеме қораптары, жарықдиодты экрандар және жылқы қашаларының өздері қуат талап етеді.

Жобаның факттар файлы

200

Қуаттандыруды қажет ететін жылқы қашасы саны

22 миль

Алаңда орнатылған кабель ұзындығы

125

Бөліп таратқыш қалқандар саны

1,6 МВА

Қамтамасыз етілген электрлік өнімділік

Шешім

Мұқият жасалған қуаттандыру және тарату жүйесі

Біз Bolesworth International-ды төрт жыл бойы қуаттандырғанбыз. Сондықтан іс-шараның егжей-тегжейін білеміз. Алайда бұл жайт қуат жүйелеріміз талапқа сай екеніне көз жеткізу үшін жыл сайын толықтай қайта бағалап отыруға бөгет болмады.

2015 жылғы іс-шараға біз барлық жерді оңай қосылатын тарату жабдығы мен сенімді орында орнатылған генераторлар арқылы іске қостық. Сұраныс дәрежесіне тәуелді қуаттандару отын шығынын азайтып, телеметрия веб технологиясы жүйенің өнімділігін оңтайландыру үшін сұранысты қадағалап отырды. Сонымен қатар, іс-шара кезінде қуат сұранысы көбеюіне байланысты күтпеген мәселелерді шешуге дайын инженерлер командасы болды.

Aggreko ерекшелігі

Біз клиенттеріміздің іс-шараларын табысты ету үшін кедергілерден секіреміз.

Әсер

Отын шығыны төмендеп, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері артты

Bolesworth International туралы жинаған біліміміз бен мониторинг жабдықтарымыздан келіп отырған мәліметтің арқасында Bolesworth-тағы ахуал жақсара берді. Алаң жыл сайын үлкейіп жақсарып келе жатса да, біз отын үнемдеудің және экологиялық көрсеткіштерді жақсартудың жаңа жолдарын табудамыз. 

«Біз үш жыл бойы Aggreko-мен жұмыс істегеніміздіктен, олардың мүмкіндіктеріне сенім арта отырып, біздің биылғы күрделі талаптарымызға жауап беру үшін кеңейе алатындарын білдік.»

Алан Бомонт Шоу режиссері ,
Bolesworth International

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз