бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Ice World

Location Жаңа Зеландия

Секторлар Іс-шаралар

Мәселе

Шайбалы хоккей сериясы үшін жылжымалы мұз айдынын мұздатып, еріту

Үш орын, екі күн, бір мұз айдыны. Бұл Жаңа Зеландия американдық және канадалық шайбалы хоккей сериясын қабылдаған кездегі ойын жоспары болды. Ойындар үш жерде өткізілді. Ал жылжымалы айдынды мұздатып әр ойынның аяғында ерітіп отыруға 2 күн берілді.

Іс-шара ұйымдастырушылары шұғыл мұздатып ерітуді қамтамасыз ете алатын серіктес іздеп жүрген еді. Тапсырма мұз айдынын әр ойынның ашылу текетіресіне дайындау үшін уақыт дәлділігін және тәжірибелі техникалық команданы талап етті.

Жобаның факттар файлы

-12 °C

Чиллерлердің температурасы

2 күн

Әр аренада орнату

Шешім

Жылжымалы чиллерлер мен мінсіз уақыт дәлділігі

Біз қысқа уақыт ішінде мұзды мұздату үшін -12°C температурасына орнатылған екі 600 кВт-тық ауамен салқындатылатын сұйық чиллер пайдаландық. Олар пропиленгликольды айналдыратын икемді құбыршекке жалғанды. Ылғалдылық еріген су салқындатылып жатқан кездегі дымқылдықты болдырмау үшін қатаң бақыланып отырды.

Ауыстыруға болмайтын мерзімдер қойылғанын біліп, біздің техниктер соңғы шайба соққысы орын алған сәтте мұзды ерітіп айдынды бұзуға кірісіп жатты. Бұл мұздың еруі кезінде судың ағып кетуінің алдын-алып, мұз айдынын келесі орынға көшіруге дайындайтын жылдам және басқарылатын үдеріс болды.

Aggreko ерекшелігі

Біздің мамандар командасы клиенттерімізді үнемі жеңіске жетелейді.

Әсер

Бақытты хоккей жанкүйерлері мен бақытты клиент

Мұз айдындарын нақты талаптарға сай мұздату тәжірибеміздің арқасында мұз айдыны үш жердің әрқайсысында кешкі сағат 7-де мұздатылып дайын тұрды. 

Біз промоутерлер «Қырғиқабақ соғыс» деп атаған спорттық іс-шараның таңқаларлық жетістігіне себеп болдық. Сайыс үш алаңдағы жанкүйерлер мен көрермендердің көңілінен шығып, іс-шараны ұйымдастырушылары ешқандай кесте өзгертулері орын алмай компанияға қаржылық және беделдік нұқсан келмегеніне риза болды. 

"Aggreko-ның қызметі мінсіз болды. Олар не істеп жатқанын жақсы білді және олардың жабдықтары бірінші деңгейлік болды."

Гарет Веббер Директор ,
Ice World, Жаңа Зеландия

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз