бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Глазго қалалық кеңесі, Glasgow 2014 Ltd

Location Глазго, Шотландия

Секторлар Іс-шаралар

Мәселе

Уақытша қуаттандыру және температураны басқару

Жаһандық спорттық іс-шараны өткізу, әсіресе оның инфрақұрылымына келгенде, өте күрделі бастама болып табылады. Глазгодағы 2014 Достастық ойындарының ауқымы мен масштабы жергілікті қуат желісі мен қолданыстағы температураны басқару жүйесі жеткіліксіз болатынын айқындады. Алты ай қалған кезде, біз ештеңені кездейсоқ ұмытпағанымызға көз жеткізу үшін, ұйымдастырушылар мен Глазго қалалық кеңесімен бірлесіп жұмыс істей бастадық - үш аймаққа баса наза аудардық: Халықаралық хабар тарату орталығы, спорт алаңдары (барлығы 23) және Glasgow Green Live. 

Жобаның факттар файлы

30 МВт

Өндіріген негізгі және резервті қуат мөлшері

23 нысан

Қуат пен температураны басқаруды қажет ететін

8 сағат

Тез арада прожектор ақаулығын жөндеу

Шешім

Керекті технологиясы бар таптырмас адамдар

Жобаның егжей-тегжейі дұрыс болу керектігіне байланысты, бізге өз жұмыс бағытын сүйіп атқаратын және бүкіл жобаны ұжыммен бірлесіп алып жүретін мамандар қажет болды. Әр нысандағы әр іс-шараны қуат және температура қолдауымен қамтамасыз етуді жобалау үшін, 180-нен астам инженер-жобалаушы, электротехник және нысан менеджерін жұмылдырдық. Глазгодағы филиалымыздың жап-жақын орналасуы ұйымдастырушылардың өндірістік орталығымызды көріп, Австралия, Сингапур және Норвегия сияқты алыс жерлердегі сарапшыларымен әңгімелесуіне септігін тигізді. 

Aggreko ерекшелігі

Бүкіл әлемнен құралған мамандар тобы.

Әсер

Шараны бүкіл әлем ұнатты және мақтады

Біз, әрине, жалпы іс-шараның жетістігіне жауап бермесек те, біздің қолдауымыз бен сараптамамыз ойындарды мүлтіксіз және оңай өткізуге көмектесті - хабар таратушылар мен спортшылардың, көрермендер мен үй аудиторияларының осы күнге дейінгі ең керемет Достастық ойындарынан ләззат алуына септігін тигізгені сөзсіз.

«Мұндай жоғары деңгейдегі жобаларды жүзеге асырған кезде, Aggreko-ның сіздің жағыңызда болғаны жоғары сенімділік береді.»

Хервэ Рэй Жобаны жоспарлау басшысы ,
Glasgow 2014 Ltd

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз