бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client 2014 ФИФА әлем кубогының ұйымдастыру комитеті

Location Бразилия

Секторлар Іс-шаралар

Мәселе

Біраз нысанды қуат пен салқындатумен қамтамасыз ету

ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионаты Бразилияда өтетінін жариялаған кезде жергілікті тұрғындар қуаныштан көшелерде биледі. Ал сахна артында ұйымдастырушылар осы жаһандық оқиғаны жоспарлаудың күрделі міндетіне кірісті. 12 заманауи стадионның уақытында салынатынына қалай кепілдік беруге болатын еді? Сосын, IBC-ді үздіксіз қуат пен хабар таратудың керекті жағдайымен қалай қамтамасыз етуге болатын еді? Миллиондаған адам көріп, демеушілікке миллиондаған доллар құйылғанын ескергенде, олардың қуат теңдеуін дұрыс шешуі өте маңызды болды.

Жобаның факттар файлы

12

Бразилияның әр аймағында орналасқан стадиондар саны

40 000 шаршы м

Халықаралық хабар тарату орталығының (IBC) көлемі

50 МВт

Қамтамасыз етілген қуат мөлшері

22 °C

IBC-де сақталған температура

100

24/7-лік қолдау көрсететін техниктер саны

Шешім

Арнайы әзірленген қуаттандыру және салқындату жүйелері

Тоғыз Олимпиада ойындарын және алдыңғы төрт Әлем кубогын қуаттандырған біз аса ірі іс-шаралар туралы біршама нәрсе білеміз. Біз Бразилияның әр аумағында орналасқан 12 стадионды қуаттандандыру жоспарын әзірлеу үшін ұйымдастырушылармен тығыз жұмыс істедік. Біздің қуатымыздың арқасында, жарықдиодты экран және тағы басқалар футбол жанкүйерлерінің көңілі үшін жанатын еді.

Біз сондай-ақ, Халықаралық хабар тарату орталығы үшін қуаттандыру жүйесін әзірледік. 40 000 шаршы метрлік медиа орталығы қуатқа мұқтаж хабар тарату жабдықтары үшін 6 МВт және қоршаған ортаны тұрақты 22°C температурада ұстап тұруға арналған салқындату үшін қосымша 2 МВт қуатты талап етті. Сақтық шара ретінде біз Бразилияның ұлттық коммуналдық кәсіпорнын 4 МВт қуатпен қамтамасыз еттік. IBC-ге үздіксіз қуат қамтамасыз етілді.

Aggreko ерекшелігі

Біз "қолымыздан келеді" деген көзқарасымыздың және білікті командамыздың арқасында ұтамыз.

Әсер

Бразилиядағы Әлем кубогы тамаша өтті

Бразилиядағы 14 орынмен біз осы іс-шараға серіктес болуға таңдалдық. Жергілікті қажеттіліктерді терең түсінуіміздің және халықаралық сараптамамыздың арқасында, осы керемет оқиғаны уақытша қуаттандыру мен салқындатудың қажетті көлемімен қамтамасыз еттік. 

Германия ФИФА-2014 әлем чемпионатының жалғыз жеңімпазы емес еді. Қабылдаушы ел біздің қолдауымыздың арқасында осындай дәрежедегі іс-шараны керемет атқара алатынын дәлелдеді. 

«Әлем кубогы секілді іс-шарада жұмыс істеу мүмкіндігі бәріне бірдей бұйыра бермейді. Аggreko осы салада беделге ие және 2014 жылғы әлем кубогы оны нығайтты.

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз