бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Бейжің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті (BOCOG)

Location Бейжің, Қытай

Секторлар Іс-шаралар

Мәселе

37 Олимпиадалық нысанды қуаттандыру 

Қытай өзінің алғашқы Олимпиада ойындарын өткізген кезде ұлттық намысын қорғады, сондықтан қуат, жарық және ойын-сауық жағынан ақаулыққа жол болмады. Біз Ойындарды қуаттандыруға қуанышты болумен қатар алтын медальға татитын қызмет талап етілетінін білдік.

Мәселе үш түрлі қалада орналасқан 37 нысанға қуатты үйлестіріп олимпиаданың әр сәтін көрерменге жеткізетін уәде берілген 3600 сағат үздіксіз хабар таратуды қамтамасыз ету болды. Бұл екі жылдық жоспарлауды, жоғары білікті мамандарды, ешнәрсені назарсыз қалдырмауды және жоғары сапалы жабдық паркін талап етті.

Жобаның факттар файлы

130 МВт

150 000 үйді қуаттандыруға жеткілікті қуат

37 нысан

Үш қалада қамтамасыз етілген қуат мөлшері

4 млрд адам

Әлем бойынша Олимпиаданы тамашалады

150 қызметкер

Толығымен дайындалған жергілікті қолдау тобы

Шешім

Жалпы 130 МВт-тық қуаттандыру шешімі

Біз Олимпиада Ойындарының Бейжің ұйымдастыру комитетімен (BOCOG) әрқайсысы ерекше талаптарға ие 37 нысанды 130 МВт қуатпен қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істедік. Біз жергілікті тормен синхрондалған 307 генераторды, 1573 бөліп таратқыш қалқанды және 407 км кабельді қамтитын қуаттандыру жүйесін әзірлеп, орнатып пайдалануға бердік.

30 МВт-тан астам қуат жоғары сапалы үздіксіз қуатты қажет ететін Халықаралық хабар тарату орталығына (ЭБК) арналды. Хабар тарату лицензиясының иелері ауытқу мен кідіріске жол бермейтін электр қуатын талап етті. Олар дүние жүзі бойынша төрт миллиардтан астам көрерменге кристалдай таза хабар беруді қалады.

Aggreko ерекшелігі

Олимпиададан жергілікті іс-шараларға дейін біздің жетістіктеріміз айтпай-ақ көрініп тұр.

Әсер

4 миллиард көрерменге үздіксіз хабар тарату

Шамдар қосылған сәттен бастап, 2008 мінсіз синхрондалған барабаншылардан ақырғы сөзге дейін, Ашылу рәсімін электрмен жабдықтау мүлтіксіз орындалды. Әлемді таңқалдырған оқиғаның тұтынған энергия мөлшерін ескергенде, бұл үлкен жетістік болды. 

Біздің жүйе көпұлтты IBC кешенін қуатпен мінсіз түрде қамтамасыз етті. Іс-шаралар толығымен қуат ауытқуларысыз трансляцияланды. BOCOG өзінің 16000 қызметкеріне және 85 лицензия иелеріне ойындарды тәулік бойы кідіріссіз көрсету уәдесін орындады.

«BOCOG, Beijing Power және Aggreko арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен интеграция деңгейіне өте ризамын. Aggreko тағы да өзінің іске асыру беделін айқындады."

Сю Цзянь Құрылыс және экология департаментінің директоры ,
BOCOG

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз