бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Gulf Coast ауруханасы

Location АҚШ

Секторлар объектілерді басқару

Мәселе

Дауыл маусымы үшін авариялық қуат жоспары 

Әдетте, төтенше қуат қажет болған кезде ахуал өте нашар болғандықтан жылдам шешім іздейсіз. Бұл өте тиімсіз модель. Бірақ дұрыс жоспардың арқасында оны болдырмауға болады. 

Галф Коусттағы үлкен аурухана желісі алдағы дауыл маусымы үшін барлық жағдайға дайын болатын жоспар жасауға бізді шақырды. Олар ауа-райының қолайсыздығы қуаттың сөніп қалуына әкеліп соққан жағдайда науқастар мен жұмысшылардың аман-есен болатынына сенімді болғысы келді. Біздің міндетіміз дауылдың HVAC жүйелеріне (жылу, желдету және ауаны баптау) және қуат ресурстарына төндіруі мүмкін қауіптерді анықтап дауыл жағдайларындағы іс-шаралар жоспарын дайындау болды.

Жобаның фактілер файлы

15

Бір жыл ішіндегі дауылдардың рекордтық саны

Шешім

Кез-келген болуы мүмкін жағдай үшін төтенше жағдай жоспары

Мұндай жоспарды құру кезінде әрбір жағдайды егжей-тегжейлі ойластыру қажет. Әрбір орын алуы мүмкін сценарийді. Біз солай істедік. 

Аурухана жүйелерін қарап шығу барысында олардың жобаланған жоспары бойынша қуат толығымен өшкен жағдайда чиллерлерді қуаттандыруға күш жеткіліксіз екенін байқадық. Чиллерлерсіз науқастардың өміріне қауіп төндіріп оларды басқа жерге көшіруге тура келетін еді. Аурухананың беделі де зиянға ұшырайтын еді. Біз кез-келген жағдайда аурухана жұмысын жалғастыра беруге керекті барлық уақытша жабдықты қамтитын Дауыл жағдайындағы іс-шара жоспарын әзірледік.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Жұмысымызға қатысты мәселелерге біз бас қатырамыз, ал сіз шаруаны бізге тапсырасыз.

Әсер

Ой тыныштығы науқастарға күтім жасауға мүмкіндік береді

Осындай жоспар аурухана әкімшілігін ой тыныштығымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аурухана әкімшілігіне коммуналдық төтенше жағдайлармен бас қатырудың орнына, бар зейінін науқастарға жұмылдыруға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайдағы әрекетті олардың орнына біз ойланымыз.

Аурухана желісінің Дауыл жағдайындағы іс-шара жоспары ауа-райының төтенше жағдайларындағы авариялық қуат пен HVAC жүйелерін кідіріссіз жеткізілуіне мүмкіндік беріп, біз орнатқан жүйелер олардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алатынына кепілдік берді. Қолдарындағы жоспардың арқасында сәтсіздік қаупі жойылып, аурухана дауылдар маусымына толығымен дайын болды.

«Дауыл маусымы күтпеген жағдайларға толы, сондықтан осы аурухана желісінің қуат және HVAC жүйелерінің төтенше жағдайға төтеп беруі бойынша қатаң жоспары болғаны дұрыс.»

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз