бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Avinatur

Location Пурульена, Испания

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Жөндеу жұмыстары кезінде қажетті салқындатуды қамтамасыз ету

Испанияның ет өнеркәсібі дамып келеді. Avinatur Испанияның Mercadona супермаркеттер желісін балғын тауық өнімдерімен қамтамасыз етуде алдыңғылардың бірі. Mercadona компаниясымен жаңа келісімшартқа отыру, жаңа сұранысты өтеу үшін Испанияның оңтүстігіндегі қасапханаларды қайта ұйымдастыру мен кеңейтуді талап етті. 

Құрылыс барысында, Avinatur құс етін өңдеу фабрикасына уақытша салқындатуды қажет болды. Бұл салқындату қатаң талаптарға сай болуы керек. Өңдеу жұмыстары барысында, температура 6 °C жоғары болмауы керек; құс сойғаннан кейін, еттің ластануына жол бермеу үшін, оны тікелей тоңазытқышқа жайғастыру қажет. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыра алатындығымыз бізге белгілі.

Жобаның фактілер файлы

< 6 °C

Ет өңдеу комбинатындағы температура

400 кВт

Чиллердің көлемі

4 ай

Жалға беру мерзімі

Шешім

Барлық жәшіктерге берілетін тұрақты салқындату жүйесі

Purullena ет өңдеу комбинаты біздің ең жақын базамыздан 500 км қашықтықта орналасса да, және ол жерде 200-ден астам мердігерлік фирмалар бола тұрса да, барынша сенімді, икемсіз қолданыстан қорғалған қол жетімді салқындату жүйесін қарастырдық. Ет өңдеу комбинаты үшін екі 200 кВт айналымды циклді және үш 50 кВт AHLT бірлікті 400 кВт мұздатқыш орнатылды. 1000 литрден көп гликоль (30 пайыздық қоспа) - 6°C сумен және 2°-3°C ауамен қамтамасыз ету үшін қолданылды. Бұл Avinatur компаниясына толықтай сенімділік сыйлаған өте тұрақты жүйе болды.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біздің уақытша салқындату, жылыту және электр қуатымен қамтамасыз ету жүйелеріміз аса сенімді.

Әсер

Өндіріс іске қосылып, келісімшарттың міндеттемелері орындалды

Біздің сол жердегі салқындату жүйемізбен қасапхананың кеңейтілу жұмыстары әлі жалғасып жатқанда, Avinatur тауық етін өңдеуді бастап кетті. Бұл олардың Mercadona алындағы міндеттемелерін орындап, ең ірі тұтынушысымен жақсы қарым-қатынас құра алады деген сөз. Ол жерге тұрақты тоңазытқыш жүйесін орналастыру барысында, біздің салқындатқыш жүйеміз төрт ай бойы қолданыста болды. 

"Біз Avinatur компаниясына олардың қатаң температура талаптарына сай келетін, өте тиімді әрі сенімді салқындату жүйесіне сүйене отырып, бірнеше альтернативалар ұсындық."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз