бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Cérélia

Location Эрдт, Франция

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Зақымданған жылу алмастырғышты екі есе тез ауыстыру

Cérlia - Францияның жетекші бәліш қамырын өндіруші. Керемет қамыр түрлері - қаттамалы, үгілмелі және тәтті үгілмелі - Эрдттағы өндіріс орнынан таратылып, букіл Францияға тасымалданады. Зауыттың жылу алмастырғышындағы ақау өндіріске кедергі болған кезде, компанияға тез арада мәселені шешу қажет болды, сол кезде олар біздің көмегімізге жүгінді. Сол кезде, біз CO2 конденсация циклінің жоғары қысымды CO2/NH3 орамының NH3 жағына қарай жығылғанын байқадық.

Ораманың үш шарғысының орнына тек екеуі ғана салқындатылып тұрған. Біздің міндетіміз - үш шарғыны қатар салқындату жолын табу болды. Және біз бұл мәселені тез шеше алдық.

Жобаның фактілер файлы

- 20 °C

Мұздатқыштың ең төменгі температурасы

16 бар

Жылу алмастырғыштағы қысым

5 ай

Жалға беру мерзімі

Шешім

Мұздатқыш пен жылу алмастырғыш шұғыл жеткізіліп, орнатылды

Біздің Cérélia-ны толық өндіріс үрдісіне қайтару жоспарымызды жүзеге асыру көп уақыт алған жоқ. Біз CO2 салқындату үшін гликольді қолдана отырып, толықтай CO2 конденсациялау циклін 800 кВт мұздатқышпен және жылу алмастырғышпен ауыстырдық. Жүйе ең жоғарғы минус 20°C температурасына жетті. Cérélia біздің салқындату жүйемізді бес айға жалға алды. Бұл оларға біздің моделімізді сынауға және тұрақты жүйенің оңтайлы қызмет істеуін жоспарлауға мүмкіндік берді.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біз аса күрделі мәселелерді шешетін дәмді жоспарларды жасаймыз.

Әсер

Cérélia өзінің қамыр өндірісін жалғастырып, табыстан айырылу қаупінің алдын ала алды.

Бәліш қамырын дайындайтын құрылғы өте тез арада қалпына келтірілді; Францияның тәттілеп пісірілген нан өнімдеріне деген тойымсыз тәбеті қамтамасыз етілді. Cérélia үшін шұғыл берілген шешім олардың өндірісінің тоқтап қалуы кезіндегі шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік берді. Жалға алу үлгісі оларға инвестицияларды жасамас бұрын, жүйені тексеруге және мақұлдауға мүмкіндік берді.

"Aggreko Cérélia үшін салқындату жүйесін жобалау және орнату үшін өте жылдам жұмыс жасады. Нәтижесінде, олардың нақты мақсаттарын қанағаттандырған аса тиімді әрі сенімді жүйе орнатылды.

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз