Бізбен хабарласыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Client Тамақ және сусын өндірісі

Location АҚШ

Мәселе

Төтенше салқындатқышты тез арада орнаттық

Халықаралық азық-түлік және сусындар өндірушісі мүлдем тәтті емес мәселеге тап болды. Оның төбеге орнатылған - құрылғылардың жөнді жұмысын қамтамасыз етуде өте маңызды салқындатқыш мұнаралары қатты қыс кезінде істен шықты. Оларсыз құрылғылар тоқтап қалды. 

Бірақ, жұмыстың тоқтауына жол беруге болмады. Тек 300 қызметкердің жұмыссыз қалуы ғана емес, сондай-ақ, өндіруші жеткізілімдегі уақытша үзіліс салдарынан маңызды дүкен сөрелеріндегі орнынан айырылып қала алмады. Оларға шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болды - сондықтан олар біздің көмегімізге жүгінді.

Жобаның фактілер файлы

300

Жұмыссыздыққа тап болған адамдар

9 күн

Орнату жылдамдығы

3 ай

100 пайыздық салқындату жұмыстары

Шешім

Жан-жақты салқындату және электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесі

Aggreko Process Services (APS) туындаған жағдайды жақсылап, жылдам қарастырды. Алғашқы қоңыраудан кейін, 9 күн ішінде біз 12 жылу алмастырғышты, алты салқындатқыш мұнарасын, қатарынан бірге жұмыс істейтін үш генераторды (тағы біреуі қосымша кез-келген сәтте іске қосылуға дайын) және өзара байланыстырылған сорғыштар мен құбырларды орнаттық. 

Алғашқыда, өндіруші бізге салқындатқыш мұнараларын жалға алу үшін қоңырау шалғанымен, біз басқа да барлық құрылғылармен жабдықтай алатындығымызды біліп риза болды. Күн сайынғы тәулік бойы қолдау мен қызмет көрсетуді санамағанда. 

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Бізді керек еткен кезде біз күшті мұнарадаймыз. 

Әсер

Тоғыз күн ішінде дағдарыстың алдын алып, қызметті қалпына келтірдік.

Өндірушінің барлық құрылғылары іске қосылып, тоғыз күн ішінде жұмыс қайта жалғасты. Бұл жұмыссыздық шегінде тұрған 300 қызметкер үшін елеулі жеңіс болды. Жұмыстың тоқтап тұрған әр күні табыстың азаюына әкелетіндігін ескерсек, бұл компания үшін де үлкен жеңіс болды. 

Шұғыл дағдарысты шешумен қатар, ауа-райының жылынуы кезінде, біздің салқындатқышымыз өз жұмысын атқара алатындығына көз жеткіздік. Нәтижесінде, біздің салқындатқышымыз өндірістің 100 пайыздық қызметін қамтамасыз етіп, өндіруші салқындатқыш мұнараларын иеленіп, оларды орнатқанға дейін үш ай бойы жұмыс жасады. 

"Бұл адамдар мен табысқа зардап тигізген елеулі апатты салқындату болды. Оны жөндеуде тез әрекет еттік."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз