бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Yealands Winery

Location Бленхейм, Жаңа Зеландия

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Өнімді жинау үшін үнемді уақытша салқындату жүйесімен қамтамасыз ету

Жүзім жинау мезгілі кезінде, Yealands шарап зауыты үш аптаның ішінде 20 000 тоннадан астам өнім жинады. Температураны бақылаудың дәлдігі өте маңызды. Егер де жиналған жүзім тым қыздырылса, ашу үрдісі ерте басталып, шараптың дәмін бұзады. Дегенмен, бұл жыл сайын тек қысқа мерзімдік мәселе болғандықтан, тұрақты салқындату жүйесіне ақша бөлу тиімді емес. Олар бізден өнім жинау мезгілінде өнімді үздік қалпында сақтай алатын, сондай-ақ, бәрі біткеннен кейін кері бөлшектеп жинап әкететін және соның арқасында қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін баламалы - уақытша әрі үлкен сыйымдылықты жүйе құрастырып беруімізді сұрады. 

Жобаның фактілер файлы

1000 ha

Жүзім алқабының көлемі

1500 тонна

Жиналатын жүзім көлемі

3 апта

Жүзім жинау мезгілінің ұзақтығы

$1 миллион Жаңа Зеландиялық доллар

Тұрақты құралдардың бағасы

Шешім

Көміртекті-бейтарап тоңазыту жүйесі

Біз 600 кВт мұздатқышы бар үлкен бакты және жүйе бойынша гликольды айналдырып тұратын 30 л/с айналымды сорғышты орнаттық. Ұзақ мерзім бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін өзінің бөлек жанармай ұяшығы бар 500 кВА генератор мұздатқышты электр қуатымен қамтамасыз етті. Бұл шарап зауытына өнім жинау мезгілінің ең қарбалас кездерінде қажет қосымша күш берді. Өнім жинау мезгілі аяқталғаннан кейін - Yealands келесі жылы қайта қажет еткенше, біз жүйені жинақтап кері алып кеттік.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Сіздің бизнесіңізді түсінетін тиімді және кәсіби команда.

Әсер

$1 миллион Жаңа Зеландиялық доллар қаражатын босату 

Жаңа жүйенің арқасында, шарап зауыты жылдың басқа мезгілдерінде қолданылмайтын құрылғыға қаражат жұмсамай-ақ, қарбалас кезде жоғары сұранысты қанағаттандыра алады. Тұрақты салқындату жүйесі $1 миллион Жаңа Зеландиялық доллар шамасында тұрады, ал Yealands бұл қаражатты бизнесін кеңейту үшін жұмсай алады. Yealands Winery сондай-ақ, көміртекке бейтарап және де біз осы жетістіктің бір бөлшегі болғанымызды мақтан тұтамыз.  

"Ерте кезден бері құрылғыларды жалға алу дұрыс шешім боп табылады. Егер де менің мұндай мүмкіндігім болмаған жағдайда, мен $1 миллион Жаңа Зеландиялық долларды бизнесті кеңейту үшін емес құрылғы алу үшін жұмсауға мәжбүр болар едім."

Peter Yealands Иеленуші мен негізін қалаушы ,
Yealands Winery

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз