бізбен хабарласыңы

Contact Us

Секторлар Өндіріс

Мәселе

Төніп келе жатқан жауын-шашын мезгілін қосымша электр қуатымен қамтамасыз ету

Алюминий өндірісі - тәулік бойғы жұмыс. Егер де балқыту пеші төрт сағаттан артық қуатсыз қалатын болса, балқытылған металл суып, қатады да зауыттың құрылғыларына зиян келтіруі мүмкін. Жергілікті электр жүйесінде ақаулар пайда болғанда, жанасымды қосымша резервті электр қуаты мен толық токсызданғаннан кейінгі қуат беру жүйесі аса маңызды. 

Үндістандағы алюминий зауыты 2014 жылғы жауын-шашын мезгілінде қатты жел жергілікті желіні үзіп, қуаттың берілуін тоқтатудан жағымсыз сабақ алды. Келесі жауын-шашын мезгіліне дейін бар болғаны сегіз апта қалған кезде, осы мәселеге алдын ала дайын болу үшін олар бізге хабарласты.

Жобаның фактілер файлы

32 МВт / 6,6 кВ

Электр қуаты резерві

8 апта

Жеткізілім мерзімі

19,5 %

Рұқсат етілген ең төменгі қысым

Шешім

Тоқсыздандырылу кезінде қосымша электр қуатын беру кешені балқыту зауытының қажеттіліктеріне сай құрастырылды.

Осы сияқты қысқа мерзімді мәселелерді шешуде біздің тәжірибеміз бен ресурстарымыз бар. Біздің жергілікті мамандарымыз балқыту зауытының қуатпен жабдықтау станциясы уақытша тоқсыздандырылған кезде автоматты түрде іске қосылып электр қуатын беретін кешенді құрастырып, оны орнатып берді. Қағаз жүзінде бұл жеңіл мәселе ретінде көрінді. Бірақ балқыту зауытының қажеттіліктерін қанағаттандыру ауқымды ақпарат көлемін қарастыруды талап етті. Біздің жүйені іске қосу үшін желіге қосылған 4,9 МВт қозғалтқыш, сондай-ақ, негізгі қысымнан 6 МВт артық 19,5 пайыз қысымның төмендеуін бақылап тұру қажет болды. Біз бұған дейін де осындай жұмыс атқарған болатынбыз, сондықтан дәл не талап етілетіндігі бізге мәлім болды.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Жағдай қаншалықты күрделі болса да, біздің командаларымыз әрқашан табандылық танытады.

Әсер

Жұмыстың үздіксіз жалғасуы және қымбат емес жөндеу жұмыстары

2015 жылдың жауын-шашын мезгілі басталған кезде, алюминий зауыты оған дайын болды. Біздің уақытша тоқсыздандырылған кезде автоматты түрде іске қосылып, электр қаутын қамтамасыз ету жүйеміз бар болғаны сегіз апта ішінде орнатылып, жергілікті электр желісі зақымданған жағдайда балқыту зауытының жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеді. Қуаттың берілуінің тоқтатылуы салдарынан орын алуы мүмкін үлкен шығындардың алды алынды. 

"Біз бұл жұмысты атқарған кезде табиғаттың өзімен бәйгеге түстік, және де алюминий балқыту зауытының қажеттіліктеріне бағытталған ауқымды әлемдік тәжірибеге қол жеткіздік.

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз