бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Orbital ATK

Location Юта, АҚШ

Секторлар Өндіріс

Мәселе

Қозғалтқыштарды нағыз ыстық жерде салқындатып сақтау

Orbital ATK компаниясы Development Motor-2 немесе DM-2 (NASA-ның екінші, толықтай жетілдірілген Ares бес-сегметті қатты отындағы зымыран қозғалтқышы) сынақтан өткізу керек болған кезеде олар қиындықтарға тап болды.

Қозғалтқыш төмен температурада жұмыс істей алатындығын дәлелдеу үшін салқын қозғалтқышты сынақтан өткізу өте маңызды болды, бірақ бұл дегеніміз қозғалтқыш пен зымыран жанар-жағар майын 40ºF (5ºC) температурада сақтау деген сөз. Сынақ өткізер орындағы Юта шөлейтіндегі ортаның 100ºF (38ºC) температурасы өте қатаң жағдай туындатты. Orbital ATK командасы бізден қозғалтқыш пен зымыранның жанар-жағар майы орнатылған уақытша құрылыс ішінде мұздауға дейін жақындататын салқындатқыш жүйесін құрастыруымызды сұрады.

Мұндай жүйе түрінде нөлден төмен температурадағы су конденсатталып шығырларлық мұз боп қатып қалуына әкеледі, сондықтан, біз кіріктірілген электрлі мұздан жібіту құрылғысын қажет еттік. Келесі бір қиындық, ғимараттың көлемінің шағын болуы, сондықтан бізге салқындатқыш құрылғыларымызды оның сыртынан орнатуымызға тура келді.

Соңында, біздің сол жердегі командамызға ғимаратты зымыраннан алшақтату керек болды, соның арқасында, жүйеміз жеткілікті түрде икемділікке қол жеткізіп, басқа да мәселелерге қарамастан ауа температурасын қажетті деңгейде сақтай алды.

Жобаның фактілер файлы

DM-2

Ең қуатты қатты зымыран қозғалтқышы

> 100ºF (38ºC)

Юта сынақ полигонындағы температура

20ºF (-6,7ºC)

Сынақ ғимараттарында талап етілетін температура

40ºF (5ºC)

Суық қозғалтқыш сынақтарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар

Төмен температураны салқындату

Жібіту режимі бар төмен температуралы ауа өңдегіштер

Шешім

Арнайы жобаланған, бейімделгіш ауаны салқындату жүйесі

Біз сондай-ақ, мұзды еріте алатын екі төмен температуралы ауа алмастырғыштың үш түтікті мұздатқышын қоса салқындату жүйесін құрастырдық. Ауа алмастырғыштың бір жұбы 20ºF (-6,7ºC) температураға дейін салқындатылып, сосын оны кері айдау үшін ғимараттың ішіне орнатылды, ал екінші жұбы қосымша ретінде немесе мұздан еру жағдайында болды. Содан соң, біз таза ауаны айдап және жылуды сақтау үшін қысымды көтеріп, ал ылғалды шағару үшін жетінші ауа алмастырғышты орнаттық.

Шынайы сынақты бастамас бұрын, біз құрылғыны ғимараттан оқшаулап, зымыран ұшырылғанға дейін DM-2 жіктерін салқын күйін сақтау үшін ауаны кондициялау жүйесін басққарып отырдық. 

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Білікті, жұмысына берілген және керемет қызметтес Осының негізінде біз атымызды танытамыз.

Әсер

Жоспар бойынша және ұшуға дайын

Сынақ жұмыстары тура кесте бойынша жүргізілді, осы жұмысқа қатысқан әр-бір адам үшн үлкен жетістік. Orbital ATK компаниясымен тығыз ынтымақтастығымыз бен біздің мамандардың қызмет ету тәсілі жобаның ең ірі әрі қуатты қатты отын негізіндегі адамның ұшуы үшін құрастырылған зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізу жұмысының сәтті өтуіне үлкен үлес қосқандығына ешқандай күмән жоқ.

"Orbital ATK компаниясымен тығыз ынтымақтастығымыз бен біздің мамандардың көзқарасы жобаның сәтті болуына үлкен үлес қосқандығына ешқандай күмән жоқ."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз