бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Amara Raja Batteries Limited (ARBL)

Location Тирупати, Үндістан

Секторлар Өндіріс

Мәселе

Энергия торабының жоспарлы үзілулері кезінде сенімді резервтік қуат жеткізу

Үнді мұхитындағы ең үлкен аккумуляторлық батарея өндірушісі болсаңыз, өндірістік шығындар пайдаға айтарлықтай әсер етеді. Amara Raja Batteries Limited (ARBL) компаниясы жергілікті энергия торабы жоспарланған электр қуатын өшірген кезде, осы жағдаймен жылына кем дегенде 15 күн бетпе-бет келді. Сондай-ақ, олар жоспардан тыс үзілістерде қиындықтар көбірек болатынын білді.

ARBL төтенше қуатты қамтамасыз ету үшін, бұрындары бұл жетіспеушіліктердің орнын бізбен қосқанда төрт қуат провайдерлерін жалдау арқылы толтырған болатын. Бірақ, олар біздің жұмысымыз бен өніміміздің сапасын көргенде, бізге эксклюзивті шартты беруге шешім қабылдады. Біз жоспарланған және жоспарланбаған үзілістерді қамтитын, жылдам және сенімді қуат пакетін орнатуымыз керек болды.

Жобаның фактілер файлы

15 күн

Жыл сайын жоспарланған электр қуатын өшіру

11 МВт

Сенімді көзден тәулік бойы берілетін төтенше қуат

USD $ 1,5 миллион

Қуат өшірулері салдарынан болатын ықтимал шығын

6 күн

Орнату уақыты

Шешім

Он үш генератор, тәжірибе және бірнеше рет дәлелденген тамаша қызмет туралы тізім

Біздің Үнді командасының бұрынғы жоспарланған қуатты өшіру кезінде дәлелденген нәтижесі эксклюзивті келісімшартқа ие болудың басты факторы болды. Біздің сарапшы мамандарымызбен бірлесе отырып, ARBL үш бөлімшесіне 11 МВт қуаттылықты жеткізу үшін 13 генератордан тұратын арнайы жалдау пакетін ұсындық, және біз оны келісім-шартқа отырғаннан кейін алты күн ішінде жасадық. Пакет 24 сағаттық электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті, бұл ARBL-ке үзіліс кезінде өндірісті ұстап тұруға мүмкіндік берді және жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету кестесіне оң әсерін тигізді.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біздің адамдарымыз бен беделіміз - бұл біздің қос ең құнды активтеріміз.

Әсер

Өндірісті сақтап қалған сенімді электр қуаты

ARBL тек бір сенімді энергия жеткізушісімен айналысып, уақыт пен күш-жігерді азайтты. Бар-жоғы тек алты күн ішінде жобаны әзірлеп, орнатып, іске асыра алғандығымыз оларды сабырға келтірді. Бұл деген - кез-келген төтенше жағдайда ARBL компаниясын тәулігіне 24 сағат қуатпен қамтамасыз етеміз деген сөз. Жобаның табысты өтуі аудандағы басқа өндірушілердің назарын аударды: жылдам епті жалға берілетін генераторлар электр қуатының үзілуіне үнемді шешім ретінде кез-келген адам қолдана алатын нәрсе сияқты көрінді. 

"Aggreko-ның жұмысты орындаудағы, жеткізудегі және қызметтік қолдау көрсетудегі тиімділі мақтауға тұрарлықтай, және олардың әлемдік деңгейдегі өнімдеріне, қызметтері мен адамдарына мен өзімнің шынайы ризашылығымды білдіремін."

Satheesh Veeraraghavan Менеджер көмекшісі – PE ,
Amara Raja Batteries Ltd

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз