бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Yunnan Simao Shanshui Copper Company Ltd және Regent Pacific Group Ltd.

Location Юньнань провинциясы, Қытай

Секторлар Кен өндіру

Сын-тегеурін

Шалғайда орналасқан мыс кен орнына сенімді қуат көзін жеткізу

Қарбаласты елестетіп көріңіз. Сіз өз қызмет алаңыңызды ұлғайтуға дайынсыз, сіз жаңа жалтырап тұрған кен өндіру құрылғыларын алдырттыңыз, сіз ажыратқышты шерттіңіз ... қуат жоқ! Бұл Қытайдың Юньнань провинциясындағы шалғайда орналасқан мыс кен орнында жергілікті жеткізушіден алынған қуаттың дәйектілігі мен сапасы жер жұмыстарын кеңейту үшін жеткіліксіз болып шыққандағы жағдай.

Кен орны сенімді үздіксіз қуат көзін қажет етті, ал іс жүзінде күнделікті жеткіліксіз қуат көзінсіз шығынға ұшырау мүмкіндігі артты, сондықтан бұл қажеттілікті шұғыл арада өтеу керек. Тым аз уақыт пен нашар жолдарға қарамастан біз олардың шұғыл сұранысын қабыл алдық.

Жобаның фактілер файлы

9 МВт

Өндірілген қуат

1 ай

Орнату уақыты

Шешім

Уақытша қуат көзі бір ай ішінде жеткізілді

Біз 9 МВт уақытша қоректендіру блоктарымен, генераторлармен, трансформаторлармен, отын бактарының қоймасымен, бақылаушы бөлме және шығын материалдарымен қамтамасыз еттік.

Кеңейту жоспарларын тез арада бастап кету үшін біз қоректендіру блоктарын екі кезеңде жеткіздік. Бірінші фаза жұмыстарды бастап кету үшін жеткілікті болды және келісімшартқа қол қойылған күннен бастап үш апта мерзімінде жеткізілді. Бірінші кезеңнен кейін екіші кезең тез жеткізілді де, жобаны жапты және біздің тұтынушымызды жоғарғы вольтты 10,5 кВт/ 50 Гц жүйемен қамтамасыз етіп, біздің білікті инженерлерімізден құралған топ сол жерде 24 сағат бойы қолдау көрсетті.

Aggreko ерекшелігі

Кез-келген уақытта қосымша топ іске кірісуге дайын.

Әсер

Инвестициясыз экономикалық тиімді қуатпен қамтамасыз ету

Жедел жеткізілетін қуат кен орнына өзінің кеңейту жұмыстарын бастап, пайданы көбейту үшін өндіріс деңгейін арттыруға жол ашты. Жергілікті қауымдастық пен экономика кен орнының жұмыс жасап тұруынан тек ұтуда.

Қытайдың өндіріс саласына біздің қосқан үлесіміз - қоректендіру блоктарын арзандату және әлде-қайда мобильдендіру болды. Тиімді қуат тұжырымы Қытай үшін, көптеген компаниялардың қуатпен қамту мәселелерін өз қаражаттары мен құрал-жабдыұтары көмегімен шешу ынталарына қарамастан, салыстырмалы түрде жаңа болды. Бұл жобаның жетістігі кез-келген сәтте орнатылып, тұрақты қуат көзі қамтамасыз етілгенде қайтадан бөлшектеліп жиналатын жедел мобилді жалға берілетін құрылғылардың артықшылығын көрсетеді.

«Қоректендіру блогтарын уақытылы жеткізіп, бір айдан кем ауқытта орнатуымыз тұтынушыларымыздың бізге деген сенімін қайта жандандырды».

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз