бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Smoky River Coalfield көмір кен орны

Location Альберта, Канада

Секторлар Кен өндіру

Сын-тегеурін

Шалғайда орналасқан кен орнына қуат көзін жеткізу үшін аязға шыдау

Альбертада негізделген кен өндіру компаниясы таулы аймақта орналасқан кен орнын жетілдіру барысында, қуат желісінен өте шалғай орналасқандықтан, қуат көзімен қамтамасыз ету мәселесі туындады. The Smoky River Coalfield кен орны келісімшарт шараларын орындау үшін шұғыл іске кірісуі керек болды, дегенмен кен орнына қуат беру желілері келіп жеткенше ұзақ күту керек болды. Қалыптасқан қиындықтарға қоса, ол жердің көлемі генераторларды орналастыру үшін өте тар болып шықты. Бұның бәрі аз дегендей, тауда -49°C суық жел жағдайында жұмыс істеу қажет болды.

Бұл әрине біз шеше алатын сын-тегеурін, сондықтан олар бізге хабарласқанда біз кідірместен жұмысқа кірістік.

Жобаның фактілер файлы

6 МВт

Қуат жеткізілді

6 апталар

Орнату уақыты

4 айлар

Мониторинг өткізу кезеңі

1

Тік тау беткейі

Шешім

Аяз жағдайына төтеп бере алған генераторлар

Ешқашат қиындықтан қашпайтын біздер Албертадағы қызмет көрсету орталығымен хабарласып, олар сыуқ ауа райы жағдайларында жұмыс істей алатын генераторлар желісін 6 МВт қуатпен қамтамасыз ете алатындай етіп құрастырды. Біз тұтас кешенді орнату кезінде қажет болатындықтан көтерме кранымен бірге тау бөктеріне жеткіздік. Біз сол жерде суық ауа райы жағдайларында жұмыс істей алатын генераторларды және басқада электр құрылғылары - дрельдер мен конвейерлерден бастап офистер мен дүкендердің жұмысын толықтай электр қуатымен қамтамасыз ететін құрылғыларға дейін бәрін бір орнаттық. Біздің техниктеріміз күніне 12 сағаттан төрт ай бойы түрлі мәселелерді шешу үшін және барлық құрылғы өз ретімен дұрыс жұмыс істеуін бақылау үшін жұмыс жасады.

Қуат беру желілері кен орнына келіп жеткен кезде, біз тағы да 17 күн аязды ауа райы жағдайарында көтергіш крандар мен генераторларды бөлшектеп жинап, Ледуктағы қызмет көрсету орталығымызға қайтардық.

Aggreko ерекшелігі

Жұмысты аяқтау үшін біз тауға өрмеледік.

Әсер

Кен орны алты апта ішінде өндіріс жұмыстарын бастауға дайын болды

Біз кен орнында толық қамтылған, кішкентай аумаққа сиятын және тұтас қызмет барысын қуатпен қамтамасыз ете алатын электр станциясын тез арада жеткізку бойынша жұмыс істедік. Кен орны алты апта ішінде іске қосылып, копманияның тұтынушы алдындағы міндетін орындауға мүмкіндік берді. Біздің қызметкерлеріміз - орналасқан жеріне, ауа райына тәуелсіз төтенше жағдайларда жұмыс істеп үйренген адамдар - үсусіз және гипертермиясыз үйлеріне оралды.

"Бұл біздің ең төтенше сынағымыз болды, дегенмен, бұл мәселені шеше алғандығымыз бізді қуантады. Біз бұл жағдайды біздің мамандандырылған тобымызсыз шеше алдық".

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз