бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client GV Gold

Location Иркутск облысы, Ресей

Секторлар Кен өндіру

Сын-тегеурін

Сібірдің қатаң қыс мезгілінде алтын кен орны үшін алтернативті қуат көзі

GV Gold, Ресейдің Иркутск облысындағы алтын кен орнында жұмыс жасап жатырған компания, үшінші кен орнын ашуына байланысты кеңейтілгісі келді. Бірақ Сібірдің шалғай аймағына қуат көзін жеткізу тундрада қыдырғанмен бірдей емес. Әрине, оларға жақын жердегі суэлектр станциясынан қуаттың бір бөлігін алуына болар еді, бірақ аязды қыс айларында дамбадағы су қатып қалмас үшін ол шегіне дейін толтырылады, сондықтан ағын су көлемі әжеп-тәуір азаяды. 

GV Gold компаниясына төтенше жағдайларда - адамдары мен техникасы - жұмыс істей алатын, және оларды қысқы тапшылық кезінде сенімді әрі альтернативті қуат көзімен қамтамасыз ете алатын серіктес керек болды.

Жобаның фактілер файлы

-40 °C

Қысқы температура

+30 °C

Жазғы температура

12 МВт

Толық қуат берілді

Шешім

12 МВ қолдануға дайын қоректендіру блогы 

Біз бастапқыда тұтынушыларымыздың шұғыл қажеттіліктері үшін 5МВ қолдануға дайын электр станциясын құрастырдық. Содан кейін қыс келіп, тепмература -40°C дейін төмендеген кезде, біз тысқары 7 МВ қостық. Суэлектр станциясындағы қысқы тапшылық кезінде және жаз айларында резервтік және төтенше қоректендіруге 12 МВт қуат жұмсалды.

Жыл мезгілдерінің талаптарына сай қоректендіру кешенінің көлемін ұлғайту немесе азайту қасиеті шалғай аймақтардағы жұмыстар үшін қызықтырарлық. Бұл оларға отын бағасында үнемдеп және жыл бойы отын қолданысын қажеттілікке сай икемдеу мүмкіндігін береді.

Aggreko ерекшелігі

Біз желі түгілі картаға түспеген шалғай аймақтарға қуат жеткіздік.

Әсер

ұлғаятын қасиеті бар 24/7 қуат

Біздің құрылғылар қатаң әрі төтенше жағдайларға арналып құрастырылғандықтан алтын кен орнын 24/7 бойы үздіксіз қуат көзімен қамтамасыз ете алды. Олар Сібірдің үскірік аязына да, +30°C аптап ыстық Сібірдің жазына да төтеп бере алды. 

Біздің жұмысымыз GV Gold компаниясына жұмысы біркелкі емес суэлектр станциясына тәуелділігін азайтып, өздерінің отын қолданысын қажеттіліктеріне сай реттеу мүмкіндігін берді. Біздің жүйеміз жеткілікті түрде икемді болды - егер GV Gold тағы да кеңейтілуді қажет еткен жағдайда олардың қол астындағы 12 МВт қосымша бірлікті тез әрі оңай қоса алды.

"Aggreko құрал-жабдықтарының сапасын мінсіз қызмет көрсету мен техникалық қолдау көрсетуін бірге алғанда Aggreko GV Gold компаниясы үшін ең дұрыс шешім болғандығын дәлелдеді."

Сергей А. Васильев Бас директор ,
OJSC Vysochaishy (GV Gold)

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз