бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Corporatión Chilene del Cobre (CODELCO)

Location Атакама шөлі, Чили

Секторлар Кен өндіру

Сын-тегеурін

Шалғай әрі қатаң аймақтарды сенімді қуатпен қамтамасыз ету

Сіз "Өлім алқабынан" 100 есе құрғағырақ жерге түскен кезде сіз өте қатаң қоршаған ортада екендігіңізді түсінесіз. Corporatión Chilene del Cobre (CODELCO) әлемнің ең ірі мыс өндірушісі, бірақ оларға кенге жету үшін Атакама шөлейтінде теңіз деңгейінен 2,700 метр биіктікке көтерілуге тура келді.

Габи мыс кен орнында 4000-нан астам қызметкер жұмыс жасайды, сондықтан тұрақты қуат көзі бұр жер үшін өте маңызды. CODELCO компаниясы туындаған мәселелерді шеше алатын, кен өндіру ережелерін өзінің бес саусағындай білетін және оларды сенімді қуат көзімен қамтамасыз ете алатын серіктесті қажет етті. Біз көмектесе алатындығымызды білеміз.

 

Жобаның фактілер файлы

100 x

Өлім алқабынан да құрғағырақ

2200 Метр

Теңіз деңгейінен жоғары

2200 жұмысшылар

лагерде

10 күндер

Орнату уақыты

5 МВт

Қуат қамтамасыз етілді

Шешім

Кен орны бойынша қуатпен қамтамасыз ететін генераторлар жүйесі

Біздің араласуымызды сұрап жазылған хатты алғаннан кейін 10 күн ішінде біз Атакама шөлейтіне жетіп, сол жерді кен орнының жан-жағына орнатылған кішкентай генераторлармен қамтамасыз еттік. Біз 5 МВ генераторлар жүйесін, трансформаторлар мен жанар-жағармай бактарының қоймасын, артынан барлық талаптарды қамтамасыз ету үшін бақылау бөлмесін қоса орналастырдық. Денсаулық пен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қойма мен жеткізілім жүйесінің бір бөлігі ретінде 1,000 литрлік жанар-жағармай бактарын бір-біріне тіркемеледік. Және үздіксіз қуатпен қамтамасыз ету үшін 24 саған бойы біздің техниктеріміз сол жерде қызметте болды.

Aggreko ерекшелігі

Біздің генераторлар сізге қажетті қуатты - ең қатал жағдайларда да жеткізе алады.

Әсер

Біздің тұтынушымыз сенім арттыра алатындай қауіпсіз қуат көзі

CODELCO бақылау бөлмесінен талаптардың орындалуын бақылай алады. Мониторлар желісі кішкентай жұмыстар бірліктерінен тұтас жүйенің жұмысына дейін бақылауға мүмкіндік береді. Осындай бүтін диагностика жүргізу мүмкіншілігі күтпеген үзілістердің алдын алып, техниктерге қажеттілікке байланысты қуаттың шағылуын реттеу арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Біздің жанар-жағармай бактарымыз қатаң денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ағып кетуді болдырмас үшін қос түпті және қысымға қарсы тестілеуден өткендігін біле отырып, біздің тұтынушыларымыз жүйе толықтай қауіпсіз, тексерілген және мықты екендігіне толықытай сенеді.

"Біз жағдайдың кешірімсіз екенін білдік. Осы себепті біз барлық құрал-жабдықтарды екі рет тексерістен өткізіп, денсаулық пен қауіпсіздікке қатаң көңіл бөлеміз.

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз