бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Gem Diamonds’ Ghaghoo кен орны

Location Ботсвана

Секторлар Кен өндіру

Мәселе

Алмас кенішін дамыту барысын қуат көзімен қамтамасыз ету

Gem Diamonds компаниясының Ghaghoo алмас кенішіне берілген бұрынғы атауы 'Gope' болатын, ол сөзбе-сөз 'еш жерде' деп аударылады. Орталық Калахари қорығындағы алмастың бай қоры құм мен бұталардың кең шоғырымен қоршалған. 

Кез-келген жерден өте қашық жерде орналасқан кезде, электр қуатының болмауы айтпай-ақ белгілі. Сондықтан, біз бірінші күннен бастап, ең алдымен, құрылысқа дейінгі лагерьді қуаттандыруға, одан кейін құрылысты толықтай аяқтауға және шахталардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін шараларды жеделдеттік. 

Жобаның фактілер файлы

20 млн

Сапалы алмас караттары

60 кВА

Бастапқы қуат көзімен қамтамасыз ету

360 кВА

Келесі қуат көзі

4,5 МВт

Соңғы қуат көзі

Шешім

Алаңмен бірге дамыған электр қуатының жоспары

Біздің жылжымалы жабдығымызды оңай орнатуға болады - тіпті ол қатынауы қиын, бейтаныс жердің ортасында орналасса да. Қарапайымдылығын ескере отырып, оның ауқымын өзгерту өте оңай. Сонымен, бұл - біздің Ghaghoo шахтасына арнап жасаған жұмысымыз.

Біз жұмысымызды алаңдағы алғашқы лагерьді қуаттандыру үшін 60 кВА генераторынан бастадық. Содан кейін, негізгі лагерь мен кеніштің құрылысы басталысымен, қуат көзін 360 кВА-ға дейін арттырдық. Шахта жұмысының қызу кезеңіне дейін көп уақыт өтпеді, және де жұмыскерлер 4,5 МВт дербес қуат көзін басқару жоспарын қажет еткенде, біз еш қиындықсыз қамтамасыз еттік.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біз шалғай жерлерге қуат беруде тез және жауапты түрде әрекет етеміз.

Әсер

Қажет ететін қуат мөлшеріне ғана төлеу 

Бізден қуатты жалға алу арқылы, Gem Diamond компаниясы әрдайым қуаттың қажетті мөлшеріне ие. Жалға алу көп мөлшердегі күрделі шығындарға жол бермейді. Біздің электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысымыз барлық өмірлік циклде шахталардың ауытқу талаптарына сәйкес болғандықтан, шахта операторлары олар қажет ететін қуат үшін ғана төлейтінін біледі. 

Энергияны жалға алудың тағы бір пайдасы - бұл техникалық қызмет көрсету қызметінің келісімшартқа кіруі. Gem Diamonds компаниясы қуат көзімен қамтамасыз етуді бізге сеніммен тапсырып, барлық назарын өз ісіне аударуына болады.

Біз Aggreko компаниясын, Африка аумағында тау-кен өндіру өнеркәсібін электр қуатымен жабдықтаудағы іскерлік беделін негізге ала отырып таңдадық, және өзімізге жеке меншік электр станциясын сатып алуға жұмсалатын күрделі шығындарды болдырмауды қаладық. Қуат көзі бойынша шаралар қолдану арқылы, біз өзіміздің негізгі қызметімізге көңіл бөле аламыз."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз