Бізбен хабарласыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Client Атом электр станциясы

Location Мичиган, АҚШ

Секторлар Коммуналдық қызметтер

Мәселе

Жылу толқыны кезінде турбина құрылысын салқындату

Сырттағы рекордты жоғары температура мен ауаны кондициялау жүйелерінің өшірілуі салдарынан, Мичиганның атом электр станциясында турбина құрылысының ішіндегі жағдай ушыққан еді. Жұмыс істеуге өте ыстық болды. Дегенмен, жұмысшыларға жоспарлы өзгерістерді орындауға қабылдауға тура келді, олай етпегенде ауаны кондициялау құрылғысын қайта қосу мүмкін болмады. Бұл - нағыз күрмеуі қиын мәселе болатын.  

Ішкі температураны қауіпсіздік менеджерлерінің көңілдерінен шығатындай деңгейге төмендету үшін, жоба командасы біздің салқындату бойынша мамандарымызды шақыртты. 

Жобаның фактілер файлы

34 күн

Жобаның ұзақтығы

> 2 600 фут

Шлангілер және ауа өткізгіштер

60 фут

Турбинадағы биіктік өзгерісі

Шешім

Кең ғимарат үшін икемді шешім

Атом станциясында турбиналық қондырғыны салқындату оңай емес. Мичиган штатында үш қабатты ғимарат ішіндегі кеңістік шектелген болатын. Біз 60 фут биіктіктің өзгеруі және ауа мен судың 300 фут көлденең қозғалысымен айналыстық. 

Кеңістік мәселесін шешу үшін, біз чиллерлер мен сорғыларды сыртта қалдырдық. Содан кейін, суық ауаның кең ғимараттың айналасына жайғастыру үшін, әрбір қабатта жарты мильден астам шланг пен ауа өткізгіш, оған қоса, ауа өңдегіштер мен күшейткіш желдеткіштерді қолдандық. Бұл - температураны қауіпсіз жұмыс деңгейіне дейін төмендеткен тиімді жүйе болды. 

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біз ең ыстық кеңістіктер үшін уақытша салқындату жүйелерін әзірлейміз.

Әсер

Салқын жағдайлар қызмет көрсетуді қалпына келтіреді

Біз қоңырауды қабылдаған сәттен бастап, жобаны жүзеге асырып, жұмыс тобының жеңілдеуі үшін 34 күн қажет болды. Турбина ғимаратының ішіндегі адамдар жұмыс жасауға тиіс барлық аймақтарды олар техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарымен айналысулары үшін салқындаттық. Жоспарланған өшіру қауіпсіз және кесте бойынша өтті. 

"Турбиналық қондырғылардағыдай температурада жұмыс істеу мүмкін емес. Мәселені шешу ядролық станцияларға кейінгі қымбатқа түсетін кідірістердің алдын алуға көмектесті".

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз