Бізбен хабарласыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Client КенГен

Location Найроби, Кения

Секторлар Коммуналдық қызметтер

Мәселе

Кенияның электр қуатына сұраныстың орнын толтыру

Ұзаққа созылған құрғақшылық Кенияның гидроэнергияны өндіру қабілетіне үлкен қысым көрсетті. Дегенмен, ел экономикалық өсуді бастан кешіруде, ал электр қуатына деген сұраныс жоғары рекордтық деңгейге жетті. Азырақ қолжетімді қуат, артқан сұраныс ... еш шешімін таппады. 

KenGen коммуналдық компаниясы бір нәрсе жасау керек екенін түсінді. Резервтік қуат қоры зауыттың үзілістерінің орнын толтыру үшін ұсынылған деңгейден төмен түсіп кетті. Электр қуатымен қамту жүйесін сақтап қалуды қалаған жағдайда, оларға көмек қажет болды. Кения үкіметі уақытша шұғыл қуатты жедел жеткізу бойынша тендер өткізді. Біз оны жеңіп, жұмысқа кірістік. 

Жобаның фактілер файлы

100 МВт

Уақытша электр станциясы

10 %

Кенияның генерациялық қуатынан

9 апта

Бірінші фазаны жеткізу жылдамдығы

Шешім

100 МВт генерациялық қуатты кезең-кезеңмен жеткізу

Көпмегаваттық төтенше қуат пакеттерін ұсыну бойынша ақымды тәжірибеге сүйене отырып, Найробидің шығысындағы Эмбакаси ауданында 100 МВт уақытша электр станциясын орнаттық. Зауыт генераторлар, трансформаторлар, коммутациялық аппарат, бақылау бөлмелері, отын цистерналары және қосалқы өнімдермен толығымен жабдықталды.

Біз тоғыз апта ішінде 44 МВт қуатты кезең-кезеңмен жеткізіп отырдық. Келесі 16 апта ішінде 36 МВт қуат жеткізіледі. Және соңғы 20 МВт бес аптадан кейін. Жалпы есеппен, 100 МВт станция Кенияның жалпы өндіретін қуатының шамамен 10% -ын құрады.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Жергілікті энергия тораптарына көпмегаваттық электр станцияларын жылдам жеткізу.

Әсер

Электр қуатын үнемдеудің орнына өнеркәсіптің өсуі

100 МВт қуат Кениядағы қуат тапшылығының орнын тиімді түрде жапты. Жергілікті жүйе тұрақтанды және елдің коммуналдық кәсіпорны электр қуатын үнемдеу сияқты абыройға нұқсан келтіретін мәселенің алдын алды. Жергілікті өнеркәсіптер қарқынды дамуға қажетті қуатқа қол жеткізе алатындығын білгендіктен, инфрақұрылымға және экономикалық өсуге инвестиция сала алды - осының бәрі сол қосымша 10% пайыз қуаттың арқасында еді.

"Кенияда электр қуатына сұраныс артып келеді, дегенмен, Aggreko-мен серіктестігіміздің тікелей нәтижесінде, бізде электр қуатын мөлшермен беру мәселесі туған жоқ."

Eddy Njoroge Басқарушы директор ,
Kenya Generating Electricity Company Ltd

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз