Бізбен хабарласыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Client Панамалық электр қуатын тарату компаниясы

Location Серро-Азул ауданы, Панама

Секторлар Коммуналдық қызметтер

Мәселе

Болжалды энергетикалық дағдарыс кезінде экономиканы көтеру

Панама экономикасының 60 пайыздан астамы су электр станцияларымен байланысты, сондықтан, 2013 жылы елде дауыл соғу салдарынан, су электр станцияларындағы деңгейлерді төмендеткен жауын-шашын аз болды, электр энергиясы нарығында уақытша ретсіздіктер, электр жеткізу желісінің құрылысында кешігулер және электр энергиясына сұраныстың артуы пайда болды. Нәтижесінде, Панамада қазіргі кезге дейінгі ең қатаң энергетикалық дағдарыс орын алды.   

Тұрақты аласапыранға жол бермеу және экономикалық өсуді сақтап қалу үшін, Панама үкіметі тұрақты электр желісін қалпына келтіргенше, жылдам, сенімді, экономикалық тиімді уақытша қуат көзін табу үшін SOS дабылын жіберді. Біз қысқа мерзімде көп мегаваттық қуатты жеткізудегі дәлелденген тәжірибеміздің арқасында, айқын таңдауға ие болдық.

Жобаның фактілер файлы

60 күн

Жүйені орнату уақыты

80 МВт

Уақытша қуат жеткізілді

84

Жеткізілетін генераторлар

40 000 МВт

Ай сайынғы өндірілген энергия

Шешім

80 МВт электр қуатын жеткізу үшін жергілікті торабты қолдану 

Біздің әлемнің кез-келген түкпіріне жете алатын мүмкіндігіміз бен тәжірибеміз, ірі, күрделі жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыра алатынымызды білдірді. Біз блоктарды қуаттандыру үшін Панамадағы торабымызды қолданып, 60 күнде 84 генератор, 21 трансформатор, 26 отын цистернасы және 80 МВт электр қуатын беру үшін екі 230 кВ трансформатор орнаттық.

Біз тек уақытша қуат жинағын орнатуымыз ғана тиіс болған жоқ, бізге сондай-ақ, жұмыс алаңын іріктеп, дайындау, қоршаған ортаға әсерді зерттеу, өндіріске лицензиялар, электротехникалық зерттеулер, жабдықты орнату, отынды басқару және Панама электрлік нарығын коммерциялық басқару сияқты басқа да бірқатар іс-шараларды басқаруға тура келді.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Сіз аппаратты ғана алмайсыз; жергілікті жағдайдан білімі бар сарапшы топ та бірге барады.

Әсер

Ықтимал дағдарыстың алдын алу

Біз Панамаға 80 МВт уақытша қуатты жеткіздік. Соның арқасында, 2013 жылдың шектеулері - қоғамдық ғимараттар, мемлекеттік мекемелер, супермаркеттер мен мейрамханалар бірнеше сағатқа ғана ашылған, мектептер мен университеттердің сабақтары тоқтатылған, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты қысқарған, ал көше шамдары сөндірілген жағдайлардың алдын алу мүмкін болды.

Аралық қуат жинағы арқылы экономиканы көтеруге айтарлықтай үлек қосу. Іс жүзінде, жүзеге асырылатын қуат жобасы сәтті болғаны соншалықты, бізден қосымша 24 МВт қуат жеткізуді сұрады, соңында қуат жинағы 104 МВт-қа жетті.

"Бұл, - біздің пікірімізше, уақытша қуат жеткізушісі тұрақты электр генераторларымен бәсекелесетін елдегі электр энергиясының көтерме сауда нарығына кірген алғашқы жағдай." 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз