бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Крисмамен IWD сұхбат

Крисманың сұхбаты

Сәлем, менің атым - Крисма Нг. Мен осы жылы 32 жасқа толамын және Сингапурда тұрамын. Мен Азия аймағы бойынша аймақтық маркетинг жөніндегі маманмын және мен өзімнің тамаша тобыммен бірге, сандық және контент маркетинг аспектілерін қадағалаймын. Мен осы қозғалысқа қатысуға шешім қабылдадым, себебі әйелдердің құқықтары мен мүмкіншіліктерінің кеңеюіне сенемін және, әрине, әйелдерге тән нәзіктікті тойлаймын!

Сіз Aggreko компаниясындағы рөліңізді қалай сипаттайсыз?

Маған сандық маркетинг ұнайды және контент маркетингтің дұрыс жол екеніне сенемін! Бұл менің осы мансап жолын не үшін таңдағанымды түсіндіреді. Азия аймағындағы белгілі бір елдерге олардың сандық және контен-маркетинг әрекеттеріне көмектесемін.

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейтілімін қалай анықтай аласыз?

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту - бұл екі қарама-қарсы, бірақ бірін-бірі толықтыратын энергияның некесі секілді. Бұл тәуелсіздікті, өз ойыңызды ашық жеткізе алу мен таңдау жасау құқығына ие болуды білдіреді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше қоршаған жандарды тәрбиелеуге, ынталандыруға және шабыттандыруға мүмкіндік беруді білдіреді. 

Жас шағыңыздағы өзіңізге не айтар едіңіз?

Мен өзімнің 18 жасар кезіме ұлдарға, ойын-сауық кештерге азырақ көңіл бөлу керектігін айтар едім. Хаха. О, мен де өзіңнің не істеп жатқаныңды білу маңызды болғанымен, оған қоса өзіңнің не істеп жатқаныңды білмей-ақ жүру көңілді екенін айтар едім. Тәжірибе бізді қалыптастырады, сондықтан жалғастыра беріңіз және өзіңізді табу жолында өзіңізді жоғалтыңыз.

Әйел затына тән ерекшеліктер қандай деп ойлайсыз?

Менің болжауымша, барлық нәрселерге жанашыр болу. Ер адамға өзінің әлсіз жағын көрсету оңай емес, әйел ретінде, бұл жағдай бізді жігерлендіреді. Біздің жолымыз болды.

Өмірде сізге ең үлкен әсер еткен кім?

Анджелина Джоли.

Халықаралық әйелдер күні неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Мен жастарды осы уақыттың қандай екендігіне үйрету маңызды деп ойлаймын. Және жас қыздар өз-өзіне сенуді, тәуелсіз әрі мықты болуды қалай үйренуі керек?

Халықаралық әйелдер күніне орай, ерлер мен әйелдерге қандай хабарлама қалдырғыңыз келеді?

Гендерлік теңдіктің дамуын жеделдету үшін, біз жастарды тәрбиелеуді бастауымыз керек.

Сіздің бұл шарадан ең көп күтетіңіз не?

Әлем бойынша барлық әйел заты өздерінің академиялық болсын немесе кәсіби болсын жетістіктері мен қоршаған ортаға қосқан үлестерін мерекелеуде.

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз