бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Мереданимен IWD сұхбат

Мереданимен сұхбат

Жасы: 31 жас, қызмет атауы: Электр станциясының операторы - электрші.

Мен, біз - әйелдердің қоғамға қосатын үлесіміздің көп екендігіне сенемін, дегенмен, көп жағдайда біздің үлесіміз елеусіз қалады. Бұл мақалаға атсалысу - мен үшін әйел болуды бағалау және мерекелеу, сондай-ақ, бұл тұғырнаманы осы маңызды күн туралы өз ойымды бірдірудің бір жолы ретінде қолдану.

Сіз Aggreko компаниясындағы рөліңізді қалай сипаттайсыз?

Марапаттау, құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейтілуі, «еліктірерлік сын-тегеурін»

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейтілімін қалай анықтай аласыз?

Өз мақсаттарына қол жеткізе алулары үшін әйелдерді сауаттандырып, қаржыландырып, қолдау жасап, оларға жол көрсетсек, бұл жайт қоғамға позитивті түрде ықпалын тигізеді, басқаларға көмектесіп, өз пікірлерімен өзгелерді санастырып, қоғамдағы мәселелерді шешеді.

Жас шағыңыздағы өзіңізге не айтар едіңіз?

«Бұл ер адамның жұмысы» - бұл тек қана қиялдың бейнесі, нақты емес. Қоғамда қалыптасқан шектеулерден қорықпаңыз, күшіңізді сынап, өзіңізді бақытты ететін нәрселермен айналысыңыз.

Әйел затына тән ерекшеліктер қандай деп ойлайсыз?

Сүйіспеншілік, жанашырлық, жомарттық, тілектестік, батылдық, мықтылық

Өмірде сізге ең үлкен әсер еткен кім?

Менің ата-анам

Халықаралық әйелдер күні неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Әйелдердің жетістіктері, қайраттылығы және құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейтілуі танылып, мерекеленуі тиіс. Халықаралық әйелдер күні - осылай жасаудың керемет жолы.

Халықаралық әйелдер күніне орай, ерлер мен әйелдерге қандай хабарлама қалдырғыңыз келеді?

Ерлер мен әйелдердің дене бітіміндегі, эмоцияларындағы, әрекет етулеріндегі, ойларындағы, пікірлеріндегі, мүмкіндіктеріндегі, мықтылықтары мен әлсіздіктеріндегі, ақыл-ойларындағы және руханилылықтарындағы айырмашылықтардың керемет себебі бар. Егер біз бәріміз бірдей болып, бірімізді біріміз мүлтіксіз түсінетін болсақ, әлем қандай жалықтырарлықтай болар еді. Өзгешеліктерімізді қабылдап, оны бағалап, бір-бірімізді құрметтейік. Гендер тосқауыл болмауы керек; ол - АДАМ ЖАРАТЫЛЫСЫН құрметтеудің тағы да бір себебі. Халықаралық әйелдер күнімен! Бүгін әйелдерді дәріптейік, себебі әйелдердің барлық ӨМІРЛІК үлестері жеткілікті түрде танылып, бағаланбайды.

Сіздің бұл шарадан ең көп күтетіңіз не?

Ерлер әйелдер туралы не айтатындығын тыңдау, және басқа әйелдермен бірге тойлау

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз