06 Feb 2017

Үздіксіз көрсетілімді қамтамасыз ету үшін

ВВС-дің өндірістік трейлерін қуаттау

Children in Need, Stand Up 2 Cancer сияқты қайырымдылық шоулары мен BBC Sports Relief бағдарламасына қойылатын талаптар бірдей. Шын мәнінде, не бойынша жұмыстанып жатқандарынан тәуелсіз, әрбір телевизиялық және киноөндіруші олардың көрсетілімі мүдірусіз болуын қалайды.
Біздің келу себебіміз де осы.

Он жылдан астам уақыттан бері біз ойын-сауық нұсқаулығы ретінде оқуға болатындай телевизиялық программалар мен фильмдердің ұзын тізімін сенімді қуатпен және температура бақылаушыларымен қамтамасыз етіп келеміз

Біздің алғашқы фильмдеріміздің бірі - Гарри Поттер болды. Бұл фильмнің масштабын елестетіңіз - жүздеген актерлер, кино түсірушілер тобы, жарықтандыру инженерлері, костюмерлер, бет әрлеушілер, тамақтандыру персоналы - олардың бәрі оларға жүктелген міндетті орындауды қамтамасыз ететін болғандықтан, бізге тәуелді. Түсірілім барысындағы үзіліс жұмыс кестесінің бұзылуына және миллиондаған болмаса, мыңдаған фунт шығынға алып келеді.

Сенімділік үшін үздіксіз резервтік көшірмені қамтамасыз ететін біздің бірегей қос қорапшамыз - кішкентай қорапшаға орналастырылған аса дыбыссыз қозғалтқыштан тұратын резервтік қуат көзін жүктеу арқылы, біз оған жол бермейтінімізге сендіре аламыз. Бұл дегеніміз, егер де күтпеген жағдай орын алатын болса, сіз уақытты босқа жоғалтпайсыз.

Children in Need бағдарламасының желілік продюсері, Хелен Бишоп, былай дейді: “Aggreko" соңғы үш жыл бойы Children in Need’s қуатпен және сайттың инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп келеді. “Children in Need - BBC Elstree сайтында елеулі із қалдырған жеті сағаттық телемарафон. BBC Aggreko компаниясымен жұмыс істегеніне және оның көрсеткен қызметіне дән риза.

Соңғы блокбастерлерді еске түсіріп көріңіздер - "Джеймс Бонд", "Таңғажайып хайуанаттар", "Жұлдызды соғыстар", "Хантсман" тағы сол сияқты "Warner Bros" пен "Marvel" суперқаһарман фильмдері, біздің қуат пен температураны бақылау қызметтерімізді ұсынуды жалғастыратынымызды дәлелдеді, әсіресе, бас актерлер ыстық сахнада пластикалық костюм киіп түскен сәттерде, оларды салқын әрі ыңғайлы ортамен қамтамасыз ету қажет.

Драма, ойын-сауық, реалити бағдарламалар, блокбастерлер, телевизиялық спорттық іс-шаралар және ағымдағы жұмыстар продюсерлері - бәрі ортақ пікірді біледі - қуат пен температураны біз қалдырып, олар өз істерімен айналыса алады.

Диснейді бір-екі күнге кішкентай тасымалданатын генератормен қамтамасыз етсек те, Longcross Studios түсірілімдер студиясындағы үлкен қойылымдар үшін 1250 кВА генераторларын бірнеше аптаға ұсынсақ та, әрбір жұмыс детальдарға деген қатаң назарды талап етеді - қосу және ойнату жүйесі, контейнерленген аса дыбыссыз резервтік құаттандыру қос қорапшасы, жылытқыштар мен суытқыштар және көрсетілімнің үздіксіз болуы қаншалықты маңызды екендігін білетін, өз ісіне берілген, тәжірибелі Aggreko техниктерінен, инжинерлерінен құралған топ. 

Осы веб-сайттағы барлық суреттер авторлық құқықпен қорғалған және Aggreko компаниясының алдын ала рұқсатынсыз пайдалануға болмайды.

KEY CONTACTS