бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Жаңа құлдық туралы заң

 

Aggreko - әлемнің 100-ден астам елінде клиенттерге қызмет көрсететін жаһандық бизнес. Біз бүкіл әлем бойынша бизнестер мен үйлерге электр және температураны бақылау жабдықтарын жеткіземіз.

Бізде екі бөлімшесі бар. Біздің бизнес шешімдерді жалға беру ісіміз дамып келе жатырған нарық салаларында модульді мобильді қуат және температураны бақылау құрылғыларының қолдану шегін кеңейтуде барынша табысты бизнес болып табылады. Біздің Power Solutions бизнесіміз өндірістік және коммуналды тұтынушыларымызды ұзақ мерзімде қамтамасыз етіп және олардық қуат көзіне деген мұқтаждықтарына комплексті түрде шешім ұсынып кеңінен өрістеп келеді. Біз өз қозғалтқыштарымызды Шотландияның Дамбартон қаласында орналасқан кешенімізде құрастырамыз және құрылғыларға сервис пен қолдау өзіміздің орталығымызда немесе әлем бойынша өз қоймаларымызда жүргізіледі.

Біз құрылғылардың бөлшектерін шынайы құрылғы өндірушілер қатарынан аламыз. Бізді сондай-ақ әлемнің түпкір-түпкірінен түрлі құрылғыларымызды жабдықтау үшін көптеген жеткізушілер бөлшектермен қамтамасыз етеді.

Aggreko өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін толықтай мойындап, өз бизнесін этикалық нормалар құндылықтарына сәйкес жүргізеді. Біз жұмыспен қамту стандарттарын өз ісімізде қатаң ұстанамыз және денсаулық, қауіпсіздік және адам құқықтарына қатасты талаптарды толықтай орындаймыз.

Біздің жақындағы жаңа құлдық туралы 2015 жылғы заңына сай жұмыспен қамту тәжірибемізді тексеру барысы біздің қызметкерлерге қатысты ешқандай нәтиже бермеді.

  • Ақыл-ой немесе дене қатері арқылы жұмыс істеуге мәжбүр болған;
  •  Ақыл-ой немесе физикалық қиянат көрсету немесе қатыгездік қаупі арқылы басқарылатын немесе бақылайтын;
  • адам емес зат ретінде қарастырылып сатып алынған немесе сатылған, немесе
  • Физикалық тұрғыдан шектеулі немесе қозғалыс еркіндігі шектеулі (мысалы, паспорттарын тартып алу арқылы немесе қозғалыстарын бағу арқылы).

Біздің менеджмент үнемі қадағалап отыраты тұрақты сайтымыз бар, және біз сайт арқылы жүйелі түрде қызметкерлердің пікір алмасуын бақылап отырамыз және әрбір жүгіну жазылады. Сондай-ақ, бізде анонимді, құпия, сырттай шұғыл байланыс желісі бар. 2016 жылы аталған жайтқа қатысты ешқандай жүгіну тіркелген емес.

Біз негізгі қызметкерлерді жаңа құлдық туралы заңына сәйкес хабардар етіп, сондай жағдайды таныған кезде не істеу керектігін үйрету жоспарымызда бар.

Біз сондай-ақ, біздің жабдықтаушыларымыздың өз қызметкерлерін қорғауға қатысты осындай тәсілдерді қабылдауын күтудеміз. Біздің барлық жаңа жабдықтаушыларымыздың тіркеуден өтуі талап етілетін біздің Жеткізушінің мінез-құлық кодексі олардан талап етілетін ең төменгі стандарттарды белгілейді. Ол біздің жабдықтаушыларымыздың қызметкерлерінің негізгі құқықтарын сақтауына және олардың қызметкерлеріне:

  • жергілікті заңдарға сәйкес жалақы төленеді;
  • күнделікті еңбек сағаттарынан көп жұмыс істемеу;
  • жұмысшы кеңесін құруға немесе қосылуға еркін болуға; және
  • мәжбүрлеудің қандай түріне болса да тартылмауы

Сонымен қатар, біз қолданыстағы жабдықтаушыларымыздың тәуекелдігіне баға бердік. Біз біліксіз жұмыс атқаратын, қауіпсіздік қызметі мен клинингтік қызметі жоқ жабдықтаушыларды анықтадық; сондай-ақ, Global Slavery Index 2016 сәйкес, құлдық қатты дамыған аймақтарға қатысты жабдықтаушылар тізімін жасадық. Біз үнемі бұл жабдықтаушылардан приоритет ретінде біздің тәртіп кодексімізбен сәйкестікке бекіткенін талап етеміз. 2017 жылы біз бұл талапты бар барлық жабдықтаушы компанияларға таратамыз.

Aggreko жаңа құлдық тәртіптері аясында жолығатын қатерге қарсы сәйкес жауап ретінде келесідей қадамдарды қарастырады. Біз осы саладағы қауіп мүмкіндіктерін мониторлап, бақылаймыз.

Декларация
Бұл мәлімдеме 2015 жылғы «Қазіргі құлдық туралы» Заңының 54 (1) бөліміне сәйкес жасалды және 2016 қаржы жылындағы Топтың құлдық және адам саудасы туралы мәлімдемесін құрайды.

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз