бізбен хабарласыңы

Contact Us

Күтпеген жағдайларды жоспарлау

Aggreko ҚБО командасы

Егер де бір апат орын алып, ал сіз оған дайын болмасаңыз, сіздің бизнесіңіз не болмақ?

Ешкім де жағымсыз күтпеген жағдайлардың орын алғанын қаламайды, бірақ су тасқыны, өрт, дауыл немесе электр қуатының берілуінің тоқтатылуы сияқты апаттарды алдын ала жоспарлау жұмыстың өз жөнімен жалғасуын қамтамасыз етеді.

Біз бірнеше қадам алға ойлаудың мамандарымыз. Сондықтан, егер де жағымсыз уақиға орын алатын болса, біз өз қызметкерлеріміз бен құрылғыларымызды тез әрі қауіпсіз жеткізе аламыз.

Бізге өзіңіздің қажеттіліктеріңізді айтыңыз, соған байланысты сізге ең ұтымды күтпеген жағдайларға арналған жоспар құрып береміз.

Қолданысқа жарамды жоспар

Стандартты шешімдер төтенше жағдайларға жарамайды. Сондықтан, біз жұмыстың тоқтап қалу қаупі төнген жағдайда, сізге не істеу керектігі көрсетілген жоспар құрастырамыз.

Бұл әңгімелесуден кейін мүмкін болады. Біздің инженер мамандарымыз алдымен жұмыс орныңызда қуаттандырудағы, жылытудағы, салқындатудағы және ауаны құрғатудағы қажеттіліктеріңізді бағалау үшін сізбен кездеседі. Содан кейін, апаттан кейін бәрін кері қалпына келтіру үшін қажетті құрылғылар, жобалау, логистика мен адамдарды қамтитын жоспар құрамыз.

Біз сәттілікке арқа сүйемейміз. Сондықтан, біз үлкенді-кішілі барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Күту режиміндегі құрылғы - тек сізге арналған

Тіпті, ең жақсы ойластырылған жоспар егер оны жүзеге асыратын құрылғылар болмаса, ешқандай сынақтан өтпейді. Сондықтан, егер де апат орын алатын болса, сізге бар болғаны қоңырау шалу қажет. Біз құрал-жабдықтарды жеткізу үшін, жұмыстың әр деңгейінде оны ұйымдастыру үшін, сіздің жаныңызда болуға толық құқылы боламыз.

 Неліктен Aggreko?

  • Күндіз болсын, түнде болсын жүзеге асырылатын жарамды жоспарлар.
  • Төтенше жағдай кезінде бірнеше саған ішінде қайта жұмысқа қосылу.
  • Қауіп қатерін төмендетіп, үзілістерді барынша азайту және бәрінің қауіпсіздігін сақтау.
  • Біздің жергілікті мамандарымыздың қол жетмді, шұғыл қолдау көрсетуі.

 

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз