бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Іс-шаралар

Cirque Du Soleil орындауы

Электр қуатынсыз шоудың жалғасы болмайды

Гластонбери мен Дю Солей циркі, Футболдан әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары сияқты әлемнің ең таң қалдырарлық шараларын электр қуатымен қамтамасыз ететінімізді мақтан тұтамыз. Біз іс-шараларды өткізу саласында 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз, сондықтан, біз еліктірерлік шоуды қалай жасау керектігін білеміз. Біз сахна артынан қуатпен қамтамасыз ету мен температураны бақылауды жоспарлауды толықтай беріліп орындаймыз.

Біз шамдарға электр қуатының берілуін, дыбыс біркелкі жұмыс жасауын және барлық болып жатқан іс-әрекеттер әлемге таратылып жатқанына көз жеткізу үшін, сахна артында тыныш жұмысымызды атқардық.

Осылайша, сіз бір адамнан құралған аудиторияның болсын немесе әлем бойынша миллиондардың болсын, көңілін аулап жатқанда, сахна ортасын сізге қалдырып, қалған барлық детальдарды бақылауды өз мойнымызға аламыз.

Іс-шараңыз сәтті өту үшін сізбен серіктес болу

Ірі іс-шараларды ұйымдастыра отырып, сіз қателесу құқынан айырыласыз, сондықтан сізге, әсіресе егер шара айлар немесе жылдар бойғы жоспарлауды талап ететін болса, басынан аяғына дейін қасыңызда болып, қолдау көрсететін серіктес керек.

Үйдің жаны, ия ойын алаңы болсын, қуаттандыру жүйелеріңіз көптеген нәрселер - қауіпсіздік, медициналық қызмет көрсету, ақпарат тарату, билеттерді сату және бөлшек саудаға қолдау көрсетуі тиіс. Осы қызметтерді қуаттандыру және температураны бақылау құрылғыларымен жабдықтау кешенді болуы мүмкін, және де құрылғыларды көбінесе тар жерлерге немесе іс-шарадан алшақ орындарға орналастыруға тура келеді.

Біздің инженерлер осы қиындықтарды жеңудің мамандары. Егер сіздің орналасқан орныңыз тар болатын болса, біз құрылғыны сол жерге арнап жобалай аламыз, ал егер сізге құрылғыларды шара орнынан алшақ жерде орналастыру қажет болса, біз электр қуатын, жылытуды, салқындатуды және қажет болған жерде ауаны алу үшін кабельді және / немесе әуе кәрізін әкеле аламыз. Сонымен қатар, егер жоспарлау барысында іс-шара ауқымы өзгеретін болса, тез бейімделе аламыз.

Байланыста болыңыз

Aggreko Бермуд аралдарында, Луи Виттон Америка кубогын қуаттандыруға қалай көмектескендігінің мысалымен танысыңыз.

  

 

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз