бізбен хабарласыңы

Contact Us

Отын басқару жүйесі

Aggreko-ның дизельді генераторлар отынын басқаруы

Біз бәрін жеңілдетуді қалаймыз.

Барлығы жақсы жұмыс істеп тұған кезде, отынның тауысылып қалуы салдарынан, жұмыстың тоқтап қалуы сізге ең соңынан керек нәрсе. Төгілуден кейін тазалау, немесе ластанған дизель салдарынан бұзылған құрылғыны жөндеу жұмыстары да сізге керек емес жайсыздықтар туғызады. Бұл мәселелерді былайша шеше аламыз:

  • Тұтынуыңыздың негізінде жанар-жағарма қажеттілігін есептеп, соған сәйкес жеткізілімдердің жоспарын құру.
  • Жанар-жағармаймен төтенше жағдай бола қалған кезде, күн демей, түн демей көмекке келу.
  • Біз қамтамасыз ететін жанар-жағармайдың ең жоғарғы сапалы әрі ластаушы заттардан таза екендігіне кепілдік береміз.
  • Барынша тиімділік үшін дұрыс көлемдегі жанармай бактарымен қамтамасыз ету.
  • Төгілу қаупін жою.

Минималды үзіліс, максималды тиімділік

Кестені мақұлдай отырып, жұмыс орныңызда үзіліс болмайтындай жеткізе аламыз. Біз арнайы тасымалдау көліктері арқылы жанар-жағармайды тасымалдаймыз, сондықтан біз кез-келген жерге жете аламыз. Және де егер сіз қосымша немесе аз жеткізілімді қажет ететін болсаңыз, біз жылдам орындаймыз.

Біздің бағаларымыз бәсекеге қабілетті, және де біз сізден жеткізілім кезінде төлем жасауды сұрамаймыз. Және де біз отынды барынша тиімді жолмен тарататын болғандықтан, сіз тек қабылдап алған отын үшін төлейсіз.

Сонымен қатар, сізге шығындарды қадағалауға көмектесетін тұрақты түрде отынды пайдалану туралы есептерді жібере аламыз. 

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз