бізбен хабарласыңы

Contact Us

Кен өндіру

алтын кені орналасқан таулар

Біз сізбен істің басынан аяғына дейін бірге боламыз

Тау-кен өндірісі ұзақ мерзімді жоба - сондықтан, сізге жобаның әр кезеңінде қолдау көрсетеміз. Барлау, жобаны жоспарлау және кен орнын салу барысында сізбен бірге боламыз. Пайдалануға енгізу және өндірісте - кеңеюге дайын болсаңыз, техникалық кеңес беру немесе сараптама жүргізуде сізбен жұмысымызды жалғастырамыз. Сонымен қоса, кен орнының жұмысы аяқталғанда, оны жабу кезінде сіздің жаныңыздан табыламыз.

Сіз қаншалықты шалғай орналассаңыз да, біз қуаттандыру, жылыту, салқындату немесе кептіру мәселелерін өз мойнымызға алып, сізге зейніңізді тек кен өндіру мәселелеріне бағыттауыңызға мүмкіндік береміз.

Қазу жұмыстарын бастау

Тау-кен байыту жұмыстарына кіріспес бұрын, ол жердің бөлінетін қаражатқа тұрарлық екендігіне көз жеткізіп алғаныңыз жөн. Дилемма? Көптеген кен орындары жергілікті желілерге қолжетімсіз шалғай аймақтарда орналасқан, сондықтан техникалық-экономикалық негіздеме жүргізудің өзі бір мәселе. Біз сізге қымбат құрылғыға ақша бөлгізбей, қажет уақытша қуат көзімен қамтамасыз ете аламыз. Кен орныңыз рұқсатнама алған бойда, біздің инженерлеріміз сізге үздік қуатты, шатырларды орнату мен жұмыс орнын салуға арналған жылыту мен салқындатуды ұсыну үшін сізбен бірге жұмыс істей алады.

Байланысу

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз