бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Телекоммуникациялар

Байланыс мұнарасы

Сіздің тұтынушыларыңыздың байланыста болуын қамтамасыз ете отырып

Бүкіл әлем бойынша адардар бір-бірімен телефон, интернет, ұялы байланыс, теле және радио байланыс арқылы хабарласады. Осылайша, адамдардың бір-бірімен байланысу жиілігі бұрын болып көрмеген деңгейге артуына байланысты, сіз өз желілеріңіз бен радиотолқындарыңызды тұтынушыларыңыз үшін ашық сақтауыңыз үйреншікті нәрсе.

Біз телекоммуникациялық компаниялар мен БАҚ бірегей қуат көзін, салқындату мен кептіру құрылғыларын қажет ететіндігін түсінеміз. Сіз жаңа мачталар орнатып, электр қуатын жеткізу желісінің тіректерін тұрғызып немесе байланыс станцияларында салқындату немесе құрғату құрылғыларын орнатып жатырған кезде, біз өзіміздің жалға берілетін құрылғыларымызды қолданып қуаттандыру және жүктемелік тестіден өткізу жұмыстарын атқара аламыз. Телефон желілерін, ұялы байланыс, интернет, кабельді радио және телевидения қызметтерін ұсынған кезде, біз сізді жаңартылулар мен қолдау көрсету қызметтерімен қамтамасыз ете аламыз.

Орнату мен қызмет көрсетуден бастап, қуатпен қамту және температура ақауларына дейін сіздің қызметіңіз ең жақсы деңгейде сақталуы үшін, біз сізге қажет құрылғылармен жабдықтауда көмектесе аламыз.

Телефон станцияларын салқындату және қуаттандыру

Біз сіздің телефон станцияңыздағы мыс сымы, кеңжолақты және оптикалық талшықты жүйелеріне қолдау көрсетуде климаттық бақылаудың қаншалықты маңызды екендігін білеміз. Біз құрал-жабдықтарыңыздың жұмыс тиімділігін арттыру үшін қоршаған ортаны бақылауға көмектесеміз.

Жаңа алмасуларға тапсырыс беру, жұмыс жасап тұрған құрылғыларды жаңарту немесе күнделікті қызмет көрсету қажеттіліктері туындағанда, біздің техникалық мамандарымыз сенімді резервті қуат көзімен және тиянақты салқындатқыш және кептіргіш құрылғыларымен қамтамасыз етеді.

Біз сіздің жүйеңізбен қатар байланыс станцияңыздағы тар орында жұмыс істей алатын жалға берілетін құрылғымен қамтамасыз етеміз. Біз климат-бақылау жүйелерін толықтыратын немесе оларға қызмет көрсетіліп жатқан кезде оларды алмастыра алатын резервтік генераторлар мен ауа баптағыштармен қамтамасыз ете аламыз. Және де қуаттың берілуі үзілген жағдайда, біз өзіміздің уақытша генераторларымызбен желі жұмысы қалпына келтірілгенге дейін тез арада көмекке келеміз.

біздің салқындатқыш өнімдерімізбен танысыңыз

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз