бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Джон Рэдклиф ауруханасы

Location Оксфорд, Ұлыбритания

Мәселе

Маңызды жаңарту кезінде 110 пайыздық өнімділікті қамтамасыз ету

Оксфордтағы Джон Рэдклиф ауруханасы жаңа нысандарын іске қосу үшін қосалқы станциясын жаңарту кезінде резервтік қуат көзінің қажетті талаптарды қанағаттандыратынына сенімді болу керек еді.

Жаңартылған нысандарды іске қосу кезіндегі үзілістер адам өмірімен қатар сезімтал және күрделі медициналық жабдықтарды қауіпке ұшыратады, бұған кез-келген айла-тәсілмен жол бермеу керек еді.

Жобаның факттар файлы

8 сағат

Күнделікті қуат

110 %

Қажет болған өнімділік

4 күн

Қамтамасыз етілген қуат мөлшері

Шешім

Үш қуатты 1850 кВА-лік генератор және бірнеше кең ауқымды тестілеу 

Генераторды қолдану бойынша қатаң талаптар қойылған болатын, сондықтан біздің қызмет көрсету инженерлері жабдықты өлшегенде аурухана алаңын тиісті Денсаулық бойынша Техникалық Меморандумға сай қарап шықты. Жағдайды бағалап алып, олар біздің Саттон орталығымызға оралып тестілеуді бастады.

Олар дұрыс шешім тапқанына сенімді болғанда, үш 1850 кВА-лік генераторды ауруханаға алып келіп тағы да сынақтар жасады. Әр генератор бір сағат бойы 110 пайыздық өнімділікпен сыналды және бүкіл процедураға Ұлттық Денсаулық сақтау Қызметінің құрылыс бөлімшесінің өкілдерімен қатар жобаның құрылыс мердігерінің командасы куә болды.

Aggreko ерекшелігі

Біз жоспарлаймыз, дайындаламыз, орындаймыз.

Әсер

Қуат іркілестері мен драма орын алмады

Генераторлар күніне сегіз сағаттан барлығы төрт күн бойы жұмыс істеді, біз жанармай жағынан толық қолдау көрсетіп отырдық. Жұмыс жатық өтіп, барлығы жоспарға сай жүрді. Ешқандай қуат іркілістері орын алған жоқ, ал аурухана жаңарту кезінде барлық қызметтер мен жабдықтарын желіде сақтай алды. Джон Рэдклиф құрылыс командасы жұмыс нәтижесіне және біздің генераторларымыз бен қызметімізге риза болды.

«Бұл шын мәнінде жобаны сенімді және алаңсыз ету үшін энергетика саласының мамандарын тартудың маңыздылығын көрсетеді».

Бен Джонсон Қызмет көрсету саласындағы топ жетекшісі ,
Aggreko

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз