бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Five Star Fish

Location Гримсби, Біріккен Корольдік

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Мұздатқыш камераларын жаңарту барысында теңіз өнімдерінің мұз боп қатқан күйін сақтау 

2 Sisters Food Group компаниясының мүшесі Five Star Fish өзінің 13 000 м3 мұздатқыш камерасын жаңартып жатты. Жаңарту жұмыстары оның тұрақты салқындатқыш құрылғысын өшіруді талап етті. Өздерінің тұрақты салқындатқышы өшірілген кезде, теңіз өнімдерін сақтауда қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін оларға тез арада уақытша салқындату жүйесі қажет болды. Жобаны жүргізетін Rotormotion компаниясының инженер-кеңесшілері бізді көмекке шақырды. Олар қоңырау шалғаннан кейін, үш күн ішінде біздің салқындатқышымыз іске қосылып, жұмысын бастады.

Жобаның фактілер файлы

13 000 м3

Мұздатқыш камераның көлемі

72 сағат

Іске асыру жылдамдығы

-18 °C

Мұздатқыш камерасының температурасы

Шешім

Уақытша салқындатқыш мұздай ауаны тоңазытқыш камераларына үрлейді 

Біздің уақытша салқындатқышымыз 72 саған ішінде мақұлданып, орнатылып, қолданысқа берілді және тұрақты салқындатқышты өшіруге мүмкіндік беріп, мұздатқыш камерасының температурасын минус 18°C дейін түсірді. 

Салқындатқыш жүйе -10°C мен -40°C аралығында қарқынды салқындатуды қамтамасыз ететін біздің Very Low Temperature Fluid Chillers-ді қамтиды. Біз оны ауа беріп тұратын бірліктермен және жүйе бойын айнала қондырылған қосымша құрылғылармен жабдықталған екі дизельді генератор арқылы қуаттандырдық. 

Ауа беру құрылғыларын сыртта орнату арқылы, ұтымды құрастырылған жүйе жұмыс кеңістігін тиімді пайдаланып, өндірістің тоқтап тұру мерзімін барынша азайтты. Оған қоса, біздің қашықтықтан бақылау технологияларымыз құрылғылардың жұмысын тәулік бойы бақылап, бізді кез-келген төтенше жағдайлар туралы хабардар етіп тұрды. 

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біз сабыр сақтадық, сіз де сақтай аласыз.

Әсер

Five Star Fish өз жобаларын тездете алды

Біздің салқындатқыштарды барынша тез орнатуымыздың арқасында, Five Star Fish компаниясы теңіз өнімдері оптималды температурада сақтаулы екендігіне сеніммен өз жұмыстарын қайта жандандырды. Біздің жергілікті инженер мамандардан құралған тобымыз жоба барысында әрқашан қол астында көмекке келуге дайын отырды, сондай-ақ, біз толық отынмен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырдық. Rotormotion мен Five Star Fish компаниялары енді тек өз жұмыстарын қайта жандандыруды ойластыра алды.

Алты аптадан кейін, салқындатқыш құрылғысы қайта жаңартылып, оны толық тестілеу жұмыстары аяқталып, қайдатан іске қосылғаннан кейін, біздің салқындатқыш және қуаттандыру инфрақұрылымымыз өшірілді. Бұл толығымен жіксіз процесс болды. 

"Aggreko тұтынушымыздың талабына сай, балық өнімдерінің балғын күйін сақтау үшін, қоршаған ортаның қажетті температурасын сақтап, биснестің тоқтап қалуының алдын алған тиімді шешім ұсына алды.

Питер Адамс Басқарушы директор ,
Промоушн

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз