бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Ірі Шотландиялық албырт балығын аулау шаруашылығы

Location Инвернесс, Шотландия

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Албырт балығы өндірісінің кеңеюін қамтамасыз ету үшін қосымша электр қуатын жеткізу

Шотландияның электр қуатының берілуі жиі тоқтап қалатын шалғай аймақтарында көптеген кәсіпорындар 24/7 қуат үшін генераторларға арқа сүйейді. Сіздің ісіңіз алға басып, қазіргі қуат көзіңіз қажетті электр қуатымен қамтамасыз ете алмаған жағдайда не болады? Дәл осындай жағдай Шотландияның ірі албырт балығын өсіретін компанияда орын алды. Оның инкубаторы уылдырықтан шабаққа дейін өсетін албырт балықтар үшін тәулік бойы электр қуатын қажет ететін таза су бактарын қажет етті, ал оның 300 кВт генераторы өсіп келе жатырған өндірісті қажетті қуатпен қамтамасыз ете алмады. Компания екінің бірін таңдау керек болды: сатып алу ма әлде жалға алу ма?

Жобаның фактілер файлы

200 кВА

Қуат қажеттілігінің тез өсуі

Үнемді

Жалға алу арзанырақ

Қиындықсыз

Біз техникалық қызмет көрсетуді өз мойнымызға аламыз

Шешім

Арнайы жасақталған қосымшалармен жалға берілетін тиімді генераторлар

Біз албырт балықтары инкубаторымен туындаған мәселені шешу үшін араластық. Өндіріс орнына барып, қазіргі уақытта 500 кВт генератор қажет екендігін анықтадық. Және де сол жердегі зерттеулеріміз өндірістегі инфрақұрылым қосымша 200 кВт көтере алмайтындығын анықтады. Шешілуін күтіп тұрған мәселе бар, ал компанияның болса, өндірістің толықтай кеңейтілуіне жұмсайтын қаражаты жоқ. Біз өте ұтымды шешім таптық, бұл - жартылай-уақытша жөндеу жұмыстары мен ұзақ мерзімді жалға беру келісімі.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Біз сіздің қажеттіліктеріңіз үшін ең жақсы шешім табу үшін жұмыс істейміз.

Әсер

Үнемделген қаражат инкубаторды кеңейтуге мүмкіндік берді

Осы албырт балық инкубаторы үшін ұзақ мерзімді жалға алу шешімі дұрыс еді. Неліктен екенін қарастырайық: жалға алу ауқымды шығындардың қажеттілігін жояды; өндірістің ағымдағы қажеттіліктеріне сай, генератор көлемін арттыруға немесе азайтуға икемділік береді; оларға қоса, біз балық өндірушісін өз жұмысынан алаңдатпай, құрылғылар жұмысын өзіміз қадағалаймыз. 

"Өсу кезеңінде негізгі құрылғыларды жалға алу - өте тиімді жол. Бұл жағдай сіздің өзгерістер барысындағы қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру жүйесін өлшеуге ыңғайлы."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз