бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Client Grace Foods

Location Уэлин-Гарден-Сити, Біріккен Корольдік

Секторлар тамақ және сусын

Мәселе

Мұздатқыштың орнын ауыстыру барысында тамақтың мұз боп қатқан күйін сақтау

Grace Foods - Еуропаның азық-түлік өндірісіндегі жетекші жабдықтаушысы. Бизнес өскен сайын олардың мұздатқыш камералар құрылғыларына орын тар бола бастады. Сондықтан, компания қойманың мұздатқыш бөлігін көлемі 120 000 квадрат-фут құрайтын кеңірек орынға ауыстыруды шешті.

Олар қоймадағы тамақтарды тасымас бұрын, жаңа орынға мұздатқыштарды, компрессорларды және құбырларды жеткізуі керек болды. Орын ауыстыруға жоспар бойынша төрт апта қарастырылды. Бұл жағдайда орын алған басты мәселе, бір айға созылатын қоныс ауыстыруда ондаған мың футтық мұз боп қатқан тамақ өнімдерін ерітіп алмай тасымалдау болды. Уақытша салқындатқыштар қажет болғандықтан, бізді көмекке шақырды.

Жобаның фактілер файлы

-25 °C

Қоршаған ортаның температурасы

> 10 000

Мұздатылған тағамның фунттары

4 апта

Өнімдерді салқындатып сақтау

Шешім

Тоңазытқыштар мен генераторлардан уақытша мұздатқыш құрастырылды.

Үлкен кеңістікте қатты салқындықты сақтау ойлағаннан қиынырақ болып шықты. Біздің арнайы температураны бақылаушы инженер мамандардан құралған тобымыз қоршаған ортада -25°C температураны қамтамасыз ететін салқындатқыш жүйені құрастырар алдында, сол жерді тиянақты түрде зерттеп шықты. 

Екі 750 кВт мұздатқыш және екі 500 кВА генератор (біреуі резервтік) салқындатқыш пен суық бөлмедегі төмен-температурадағы ауа айдағыштың 8 сегіз бірлігін қоректендіретін қуат көзі бар ескі мұздатқыш камерасы құрылғысының сыртынан орнатылды. Және, осы жобада көп азық-түлікке қауіп төнгендіктен, біздің инженер мамандарымыз туындаған кез-келген мәселені тез арада шешу үшін тәулігіне 24 сағат, аптаның 7 күні бойы қоңырауда болды.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Шындығында, біз тұтынушымыз күткен нәтиже көрсете алдық.

Әсер

Қаражат үнемделді, азық-түліктің мұз боп қатқан күйі сақталды - ал орын ауыстыру сәтті аяқталды

Суық бөлмеге мұздаған ауа жіберіп отырған инженерлердің арқасында, Grace Foods ондаған мың футтық мұз боп қатқан азық-түліктің тұрақты температурада сақтай алды. Ештеңе де еріген жоқ; бір де бір өнім бұзылған жоқ. Қаражат үнемделді.

Уақытша чиллерлер мен генераторларды жалға алу қаражатты үнемдеуге көмектесіп, Grace Foods үшін ешқандай қиындық тудырған жоқ. Яғни, олар барлық назарын өсіп келе жатқан биснестің талаптарына сай жаңа мұздату құрылғыларын орнатуға аудара алды.

"Біздің жобамызды бір қалыпты аяқтау үшін Aggreko-ның тәжіибесі мен қызмет көрсетуі маңызды болды. Олардың толықтай бітіріп беру әдісі арқасында және азық-түлік қорының жақсы сақталуын қамтамасыз ету үшін әр нәрсені тиянақты түрде жөндейтіндігіне сенімді бола тұра мен өз назарымды жаңа мүмкіндіктер іздеуге бөлдім."

Дэйв Рашер Құрылғылар бойынша менеджер ,
Grace Foods

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз