Бізбен хабарласыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Client Antigua Public Utilities Authority

Location Антигуа және Барбуда

Секторлар Коммуналдық қызметтер

Мәселе

Сыйымдылықтың төмендеуіне байланысты жүктеменің төгілуін болдырмаңыз

Кариб бассейнінде орналасқан Антигуа мен Барбуда шағын аралдары - тұрғылықты халықтың отаны, ал күннің көзін іздеп келген туристтер ағыны үшін саяхаттайтын орын болып табылады. Туристтерге барлық жағдай жасап, аралдардың экономикасын қолдау үшін электр энергиясы аса маңызды екені айтпаса да түсінікті.

Өкінішке орай, Антигуа қоғамдық-коммуналдық шаруашылық басқармасы (APUA) электр қуатының төмендеуі салдарынан жүктеменің кему шегінде болды. Негізгі техникалық қызмет көрсету және басқа да мәселелерге байланысты минималды қуатпен жұмыс істеуге мәжбүр болған APUA, бізге қоңырау шалудың уақыты келді деп шешті.

Жобаның фактілер файлы

3 апта

Жылдам жауап уақыты

10 МВт

Электр қуаты жинағы

25 %

Аралдардың қуатын арттыру

11 кВ / 60 Гц

Ерекше кернеу мен жиілік

Шешім

10 МВт қуатты күшейтуді әдеттен тыс орнату

Үш апта ішінде, біз Антигуа Фриарс Хилл электр станциясында 10 МВт  қуат жинағын жеткізіп, орнаттық. Біраз қиыншылықтар болды: электр станциясы 11 кВ/60 Гц кернеу мен жиіліктің әдеттен тыс комбинациясында жұмыс істейді, сондықтан, баптаулар сай келу үшін, бізге генераторларымызды көп контактілі трансформаторлармен біріктіруге тура келді.

Генераторлармен бірге, біз сондай-ақ, кернеуді арттыратын трансформаторлар, коммутациялық аппарат, отын цистерналары мен кабельдерді жеткіздік. Біздің жылдам әрекет ету тобымыз «Кариб бассейнінен қашу» деп айтудан бұрын барлығын іске қосып берді.

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Осындай сияқты төтенше қуат жағдайларына жауап беретін жылдамдық.

Әсер

25% сыйымдылықты ұлғайту және жүктеме кемуінің алдын алу

Туристтер, тұрғындар мен APUA арқаны кеңге сала алды. Біздің жергілікті орындағы қуат жинағымызбен аралдардың барлық қажеттіліктеріне үшін электр қуаты жетті. Шын мәнінде, біз қуаттылықты 25%-ға арттырдық.  

Біздің жылдам әрекетіміз APUA тарапынан жоғары бағаланды. Бұл олардың өз жабдықтарындағы ауқымды техникалық қызмет көрсету жұмыстарына көңіл бөлуге және жүктеменің кемуіне алаңдамай, мүмкіндігінше тез арада өздерінің генерация жүйесін толық жұмысқа қайта келтіруге көмектесті.

"Сенімді қуат туризм үшін маңызды, Антигуа мен Барбуда экономикасының негізі болып табылады. Біз дағдарыс кезінде олардың әлеуетін арттыру үшін тез әрекет еттік."

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз