бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Рутпен IWD сұхбат

Рутпен сұхбат

Мен Aggreko компаниясында бизнесті дамыту жөніндегі менеджермін. Мен 13 жыл сату жөніндегі инженер болдым, осы жаңа қызметке қаңтар айында ауыстым. Мен осы мерекеге шақырылғаным үшін қатты қуандым.

40 жасқа енді толып, өткен жолыма қарайлай отырып, бұны тойлау керек деп ойлаймын. Тәуелсіз, мықты табысты әйелдер кез-келген салада көріне алады, және де егер мен өзімнің ойларым мен тәжірибем арқылы атсалыса алатын болсам, мен оның бір бөлігі болуға тек қуаныштымын.

Сіз Aggreko компаниясындағы рөліңізді қалай сипаттайсыз?

Мен Aggreko компаниясында бизнесті дамыту жөніндегі менеджермін. Мен Англияның солтүстігіндегі белгілі бір секторларда жаңа бизнес мүмкіндіктерін анықтауға және клиенттік базаны дамытуға жауаптымын. Менің мақсатым - көмір, газ және атом электр станцияларын қамтитын энергетика саласы. Сондай-ақ, әйнек, қағаз және пластик - ірі қуат тұтынушылары ретінде анықтағанымыздай, мен аса ірі өндіріс секторларына көңіл бөлемін. Мен барлық Aggreko өнімдерін және қызметтерін алға жылжытумен айналысамын.

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейтілімін қалай анықтай аласыз?

Мен мұны былайша анықтай аламын, әйелдердің өмірде таңдау мүмкіндігі бар және өздерінің потенциалдарын толықтай ашуға, өздері қалаған кез-келген саланың бір бөлшегі болуға барлық есіктер "ашық".

Жас шағыңыздағы өзіңізге не айтар едіңіз?

Жас шағымдағы өз-өзіме бойды еркін ұстауды айтар едім. Барлық нәрсені сарала және осылайша асығыстыққа салынба. Ынталы еңбек пен табандылық табысқа жеткізеді. Бойыңды еркін ұста және сапардан ләззат ал!

Әйел затына тән ерекшеліктер қандай деп ойлайсыз?

Менің ойымша, біз әлдеқайда ұйымдасқан әрі ісімізге берілген адамдармыз. Мен сондай-ақ, тілектестік бізге оңай беріледі деп ойлаймын, және бұл - біздің шынайы мықтылығымыз.

Өмірде сізге ең үлкен әсер еткен кім?

Әрине, менің ата-анам. Мен үш қыздың ең кішісімін. Ата-анам үнемі білім алуды насихаттайтын, еңбекқорлық әрдайым өз жемісін береді дейтін. 17 жасымызда біздің бәрімізге артық сұрақсыз көлік жүргізу сабақтарын алуға тура келді. Бұл бізге тәуелсіздік пен өз-өзіне сенімді әйел болу мүмкіндігін берді. Менің апа-сіңлілерім өз салаларында көшбасшылыққа жеткен және біздің бәріміз қызмет этикасын ұстанып, өз тағдырымыздың өз қолымызда екеніне сенеміз. Менің әкем көмір өнеркәсібіндегі шахтер болып қызмет атқарған және ол ешқашан осындай ауыр жұмысты өз қыздарына қалаған емес. Сондықтан, менің ата-анам бізде өздерінде болмаған таңдау артықшылығы болу үшін, біліктілік пен тәжірибеге жетуге ықпал етті.

Халықаралық әйелдер күні неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Мен - бұл, қыздар мен жас әйелдерге өздерінің өр мақсаттарына қол жеткізе алатындығын түсініп, оны жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын. Бұл әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді және біздің жеке құндылықтарымыз бен бөлісуге тұрарлықтай үлесіміз бар екендігін көрсетеді. 

Халықаралық әйелдер күніне орай, ерлер мен әйелдерге қандай хабарлама қалдырғыңыз келеді?

Біз толықтай кемсітушіліксіз қоғамда өмір сүруге тиіспіз. Жыныстық айырмашылық бизнесті жақсырақ жүргізуге ықпалын тигізеді және кез-келген жағдайда көбірек шешім ұсынады.

Сіздің бұл шарадан ең көп күтетіңіз не?

Қайсар әйелдерді дәріптеп, олардың әңгімесін тыңдау. Менің 9 және 5 жасар қыздарыма бұл өмірде барлық нәрсеге қол жеткізуге болатындығын көрсету.

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз