бізбен хабарласыңы

Бізбен хабарласыңы

Ауыл шаруашылығы

Шотландия көліндегі генератор

Негізгі өндірушілерге жерде, өзендерде және теңізде көмек көрсету

Ауыл шаруашылығы соңғы бірнеше онжылдықта көптеген табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі коммерциялық егіншіліктің жұмыс барысы ең жоғары сапалы өнімді шығару мақсатында қоршаған ортаны мұқият бақылауға арналған күрделі жүйелерге негізделеді - бұл жаңа піскен жемістер мен көкөністер , астық және дәнді дақылдар, мал немесе балық шаруашылығына да тиесілі. Шаруашылығыңыз немен байланысты болса да, біз сізге сенімді генераторларымыз, жылытқыштарымыз, мұздатқыштарымыз және ауа өңдегіштер арқылы қолдау көрсете аламыз. Дәнді дақылдардан бастап жылыжайларға дейін, біз сізді өз қанатымыздың астына аламыз.

Сіздің жинаған астығыңызды шірік, зең, және қамба зиянкестерін болдырмай, қыс бойы құрғақ әрі салқын күйде сақтау өте маңызды . Температураны және ылғалдылықты дұрыс деңгейге жеткізу үшін, біз сізді жылытқыштар, мұздатқыштар және ауа өңдегіштермен қамтамасыз ете аламыз, нәтижесінде сіздің дәнді дақылдарыңыз сатылымға өте жақсы күйде жетеді. Егер жылыжайларда жеміс-жидек пен көкөністі өсіретін болсаңыз, мінсіз климаттық бақылаудың маңыздылығын білетін боласыз.

Жүйелеріңізге қолдау көрсетіліп немесе алдын ала жоспарланған жөндеу жұмыстары өткізіліп жатқан кезде, қуаттандыру немесе температураны бақылау құрылғыларымыз арқылы қолдау көрсету үшін сізбен бірлесе жұмыс жасаймыз. Сіз қаншалықты кеңейсеңіз де сіздің дәнді-дақылды өнімдеріңіздің өркендеуіне көмектесетінімізге сенімді болыңыз. 

Байланыста болыңыз

Өркендеп келе жатқан аквакультура өнеркәсібін қолдау

Біздің ауыл шаруашылық мамандарымыз аквакультура өнеркәсібін және дәлме-дәл температураны бақылау қажеттілігін түсінеді, сондықтан, сіз бағалы балық қорларыңызды немесе ақшаңызды жоғалтпайсыз. Сондықтан, егер де сіз албырт балығы инкубаторын мезгілдік ауытқушылықтар кезінде салқындатуды, жылыту бактарында тұрақты температураны сақтауды немесе био мұнараларды бактериялардан залалсыздандыруды қажет етсеңіз, біз қолдау көрсете аламыз.

Біз сондай-ақ шалғай орналасқан аймақтарда да жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздің балық аулау кәсібіңіз қаншалықты шалғай орналасса да - жағалауда орналассын немесе жағалаудан тыс теңізде орналассын - біз сізге өзіміздің уақытша жылыту, салқындату немесе қуаттандыру құрылғыларымыздың көмегімен өндірістің қарбалас сәттерінде қолдау көрсете аламыз.

 

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз