бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client VolkerFitzpatrick Ltd

Location Лондон, Ұлыбритания

Секторлар Құрылыс

Мәселе

Өнімділікті жоғарылатумен қатар үзілістерге жол бермеу

Кросрэйл (Crossrail) - Хитроу және Батыс Лондонды қаланың орталық және шығыс аудандарымен байланыстыратын жаңа жоғары жиілікті, жоғары қуатты темір жол. Аса маңызды жоба шеңберінде, VolkerFitspatrick Ltd компаниясы Илфорд Ярд теміржол депосының 50 миллион фунттық жаңғырту жұмыстарын басқарып, жаңа ғимараттарды сынап, іске қосу үшін уақытша қуатпен қамтамасыз етуді сұрады. Сонша сынау мен жөндеулер болып жатқанда, өшіп қалу мен кернеудің төмендеуіне жол бермеу өте маңызды болды. Сонымен қатар, генераторлардың үздіксіз жұмыс істеп тұруы тым қымбатқа түсетін еді. Сондықтан бізге сенімді, ақылға қонымды және үнемді жүйе ойлап табу керек болды. 

 

Жобаның фактілер файлы

118 КМ

Лондонның жаңа Кросрэйл бағытының ұзындығы

50 миллион фунт

Илфорд Ярд темір жол депосын жаңарту құны

түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін

Тоқтауларды болдырмау үшін түнде жұмыс істеу

Шешім

Тапқыр қуат қашан қосылу (және өшу) керектігін біледі.

Екі қосымша 500 кВА-лік үздіксіз қуат көзіне қосылған үш кішкентай 500 кВА-лік генераторды қолдану арқылы, біз сұранысқа сай жүктемені қамтамасыз ететін жүйе құрдық. Генераторлар тиімді түрде, кез-келген уақытта құрылыс алаңына дұрыс жүктеме жасау үшін автоматты түрде қосылып, өшіп отырды. 

Біздің команда тәулік бойы жұмыс істеді, құрылыс жұмысын үзбеу үшін жабдықтарды түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін әкеліп, орнатып жүрді. 

Генераторлар іске қосылғаннан кейін, инженерлер Қашықтан басқару орталығында генераторлардан біздің техникалық командамызға деректі ағымдағы уақытта жіберіп отыратын Aggreko қашықтан мониторинг көмегімен кез-келген мәселелердің алдын алып отырды. 

 

Aggreko компаниясының ерекшелігі

Мәселені өз көзқарасыңмен көру.

Әсер

Жергілікті тұрғындар үшін жақсы жаңалық болып табылады.

Жүйе сәтті болумен қатар, шығындар мен эмиссияларды қысқартты. Біз кішігірім генераторларды пайдаланғандықтан, шу да аз болды - тұрғындарға жақын жерлерде жұмыс істеу үшін маңызды фактор. 

 

Aggreko Илфорд депосында 1 МВА-лік генераторлық қондырғыларын жобалау және орнату үшін тағайындалды. Жұмыстың барлық элементтері бағдарлама үшін өте маңызды болып аса сынды мерзімнің ішінде талап етілді. Орнату, тестілеу және іске қосу бағдарлама міндеттемесіне сай ең жоғары сапада, қысқа мерзімде, сонымен қатар, денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты барлық талаптарды ұстанумен іске асырылды. 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз