бізбен хабарласыңы

Contact Us

Client Xstrata Coa

Location Жаңа Оңтүстік Уэльс, Австралия

Секторлар Кен өндіру

Сын-тегеурін

Кен орнындағы жұмыстарды уақытында тапсыру үшін қосымша қуат

Егер сіздің жұмыс орныңыз дайын болып, бірақ қуат болмаған жағдайда не болады? Жаңа Оңтүстік Уельстің Хантер аймағындағы ашық игерілетін Xstrata көмір кен орнының соңғы ашылуында осындай мәселе орын алды. Құрылыс барысында сыртқы электр желісіне қосылу кестеден артта қалғандықтан, олар сенген генераторлар да кен орнындағы жұмыстарды уақытында аяқтау үшін жеткілікті қуатпен қамтамасыз ете алмады. Жеткізілім келісімшарттары жасалып қойғандықтан, маңызды мерзімдерді жіберіп алмас үшін оларға шұғыл арада қосымша қуат көзі қажет болды.

Жобаның фактілер файлы

16 МВт

Жоба барысында қажетті қуат

2 МВт

Жақын маңдағы өзеннен суды айдау үшін

4 МВт

Көмір конвейерлік жүйесі үшін қозғалтқыштарды қуаттандыру

24/7

Біздің техниктеріміздің жергілікті қолдау көрсетуі

Шешім

Кең ауқымды, уақытша электр станциясын құру

Біз жұмысты тез аяқтадық, сондай-ақ, біз дұрыс сауалдар қоямыз - осылайша, біз өз тұтынушыларымыздың бизнесін ең тиімді жолмен қолдайтынымызды білеміз. Mangoola көмір кенішінде орын алған жағдайда, біздің негізгі мақсатымыз қосымша қуатпен қамтамасыз ету болғанымен, оларға одан да ірі қуат көзі қажет болатындығын түсіндік. Неліктен екі мәселені бірге шешпеске? Артық бірнеше генератор әкелудің орнына, біз барлық қолда бар қуат көздерін біріктіріп бүтін орталық, жергілікті электр станциясын жабдықтадық. Бұның бір керемет тұсы - уақыт өтуімен оған қосымша қуат көзін қосуға болады, яғни кен орнының өсуіне байланысты электр станциясы да өсе алады. Бұл тез болды, бірақ сонымен қоса, болашаққа негізделген болды. Және сенімді - біздің техникалық тобымыз электр станциясының жұмысын қамтамасыз ету үшін тәуліктің 24 сағаты, аптаның жеті күні бойы Aggreko-ның Ньюкаслдағы қоймасының қосымша қолдауымен қол астымызда болды. 

Aggreko ерекшелігі

Біз алдын ала ойлап, проактивті қадам жасаймыз.

Әсер

Уақытылы, бюджетке сай және болашаққа дайындықпен

Жергілікті қуат станциясының арқасында кен орны уақытылы ашылып қана қоймай, сондай-ақ, қуат құнын да айтарлықтай үнемдеді. Қуат беруді басқаруды орталықтандыра отырып, жергілікті команда қуатты қажеттілікке байланысты үлестіру мүмкіндігін алды, яғни қарбалас уақыт кезінде кен орны жеткілікті қуатпен қамтамасыз етіліп, жұмыс белcенділігі төмендеген кезде ақша үнемдейді. Бүтін бизнес үшін отын тиімділігінің нәтижесінде үлкен секіріс болды. 

«Aggreko біздің Mangoola жобасының ерте кезеңдерінде жолыққан мәселелерімізге шешім ұсынуда жоғары проактивтілік танытты. Қуаттандыру мәселелеріндегі олар ұсынған шешімдердің сапасы мен бекемдігі ең жоғарғы санатты болды."

Скотт Эллиот Жоба менеджері ,
Mangoola Coal, Xstrata

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз