бізбен хабарласыңы

Contact Us

Деректер орталықтары

деректер орталығын салқындату

Сіздің серверлеріңіздің жұмысын қамтамасыз ету

Деректер орталықтары үзіліс жасай алмайды. Дегенмен, дүние жүзі бойынша деректер көлемі арту үстінде, сондықтан бұл қысым 100% үзіліссіз жұмыс істеуді қамтамасыз ете отырып сіздің деректерді сақтау кеңістігіңізді тез арада кеңейтуіңізді талап етеді. Және бұл үздкісіз процесс, тіпті желі зақымданса да, сенімді электр қуат көзі, дәл температура мен ауа-райын бақылауды талап етеді. Осындай жағдайда, сізге көмек көрсете аламыз.

Жаңа деректер орталығын тұрғызу мен оны қолданысқа өткізуден бастап, жетілдірулер мен күнделікті міндеттерге дейінгі қызметтер үшін біздің инженер мамандарымыз сенімді қуаттандыру, уақытша салқындату құрылғылары мен жүктеме бактары қызметтерін құрастырып, сынақтан өткізіп және орнатып бере алады. Және егер де сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, әлемнің қай жерінде орналассаңыз да, біз шұғыл жауап бере аламыз. 

Деректер орталығының қызметтерін іске қосу

Сіздің орныңызда тұрақтылықты қамтамасыз етуде электр қуатымен қамтамасыз ету және салқындату жүйелерін сынақтан өткізу шешуші орын алады. Біздің инженер мамандарымыз сіздің құрылғыңызды жүктеме бактарының көмегімен сынақтан өткізіп, келесі құрылғыларыңызды қатты күш түсу жағдайларына сынайды:

  • Генераторлар мен қуат деңгейінің бағанасын.
  • Үздіксіз қуат көзін (UPS), электр қуатын тарату бірліктерін және резервтік батарея жүйесін.
  • Мұздатқыштар мен салқындату мұнараларын.
  • Жылу жүктемесін тестілеу.

Біздің қуаттандыру өнімдерімізбен танысыңыз

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз