бізбен хабарласыңы

Contact Us

Жаңартылатын қуат көзі

 күн батардағы жел электр станциясы

Жаңартылатын қуат зауытын іске қосу

Жаңартылатын қуат - бизнес, қауымдастық және үйлерді қуаттандыруда табиғи ресурстарды қолданудың тиімді жолы. Бірақ жел, күн, гидроэнергетика, қалдықтардан алынатын немесе анаэробты қуат көздері станцияларын тұрғызу жылдар бойғы жоспарлауды талап етеді.

Біздің жаңартылатын қуат көздері жобаларын уақтылы аяқтауда үлкен тәжірибеміз бар. Біздің инженер мамандарымыз жобаңызды түсіну үшін сізбен тығыз жұмыс істейді алады, содан кейін, зауытыңыздың іске қосылуын қамтамасыз ету үшін дұрыс қуаттандыру мен жүктемелік блогтар кешенін ұсынады. Егер де қуаттың желі арқылы берілуі тоқтатылса, тез арада уақытша қуаттандыру генераторлары арқылы құрылғыларыңыздың амандығын сақтаймыз.

Жел электр станциясындағы сіздің өмірлік серіктесіңіз

Біз жел электр станциясы іске қосылғаннан бері, олармен жұмысымызды жалғастырып келеміз, сондықтан, жобалаудың әр кезеңі ерекше қиындықтар туғызатынын білеміз. Біз сізге көмектесу үшін турбина өндірушілермен, жел электр станциясының операторларымен және мердігерлермен жұмыс істей аламыз:

  • Жоспарлау және инфрақұрылым: Біз орналасқан жеріңізді қуатпен және әлеуметтік құрылыстар мен кабель жүргізу сияқты жұмыстарды қамтитын бастапқы инфрақұрылыммен қамтамасыз ете аламыз. Біз сондай-ақ, лагерьлердің орындарына арналған электр қуаты, жылыту, салқындату және құрғату мен жел турбиналық жабдықтарды сақтауды қамтамасыз ете аламыз.
  • Құрылыс: Біз жел электр станциясының құрылысы мен орнатуы барысында, қоймалар мен жұмыс орындарындағы температураны бақылау жабдықтарына қоса, қуат жеткізу, оны бөліп-тарату және отынды басқару жұмыстарын орындай аламыз.
  • Пайдалануға беруге дейін: Тиісті орынға дейін жеткізу кезінде ешқандай құрылғының зақымдалмағанына көз жеткізу үшін, жел электр станциясын пайдалануға бергенге дейін турбиналарды толық тестілеуге қажетті қуат көзімен қамтамасыз ете аламыз.
  • Тестілеу жұмыстарын жүргізу және пайдалануға беру: Біздің жоғары вольтпен жұмыс істейтін инженерлеріміз сізге энергия жүйесінен күткен қуат жағдайлары мен жүктемелерді көрсету үшін, жүктемелік бактар, генераторлар мен трансформаторларды қамтитын арнайы пакетті алып келеді. Сондықтан, желіге қосылған сәттен бастап, барі дұрыс жұмыс жасайтынына сенімді бола аласыз. Бұл ертерек табыс тауып, субсидиялар мерзімінің қысқартылуына әкеле алады.
  • Жұмыс істеу және техникалық қызмет көрсету: Егер энергия жүйесіндегі қуат қандай да бір себептен үзілсе, біз сіздің жабдығыңызды бүтін сақтау үшін уақытша қуат шешімімен қамтамасыз етіп, энергияны экспорттауға жылдам оралатыныңызға көз жеткізе аламыз. Біз  аймақтық және маусымдық жағдайларға бейімделетін жабдық пен жүздерді жөндеу кезінде температураны және ылғалдылық деңгейін басқаруға көмектесеміз. Сондай-ақ, мұнараларды жаңғырту және техникалық қызмет көрсету кезінде электр қуатымен, жылыту, салқындату және құрғату жұмыстарымен қамтамасыз ете аламыз.

Құрлықта немесе теңізде жұмыс істесеңіз де, біздің өз ісіне берілген иженерлеріміз жұмыстың әр кезеңінде жандарыңыздан табылады.

Байланысу

 

Сізге не қажет екенін айтыңыз

Сізге тиімді болатынын табуға көмектесеміз